Яғқуб ибн Исхақ әл-Һарауий (Алла одан разы болсын)
– Салих ибн Мухаммад әл-Хафиздің (Алла одан разы болсын) Һишам ибн Аммардан (Алла одан разы болсын) естігендігін жеткізіп: «Мен Имам Мәликтің құзырына кіріп, оған:
- «Маған хадис жеткіз» - деп айттым. Ол:
- «Оқы!» - деді. Мен: - «Жоқ. Одан гөрі хадис жеткіз» - дедім. Ол:
- «Оқы!» - деді. Өз сөзімді оған қайталай бергенімде, ол:
- «Уа, жігіттер, бері келіңдер! Мынаны алып кетіп, он бес дүре соғыңдар» - деді.
Мені алып кетіп, он бес дүре соқты. Сосын мені оған қайта алып барды. Сөйтіп дүре соғушы:
- «Оған дүре соқтым» - деді. Мен оған:
- «Неге маған зұлымдық жасадың? Себепсіз он бес сүре соқтың. Мен сені (осы зарарымнан жеткен) күнәдән босатпаймын (яғни, кешірмеймін)» - дедім. Имам Мәлик (Алла Одан разы болсын):
- «Оның кешірімі не?» - деді. Мен:
- «Өтемі – маған он бес хадис жеткізуің» - дедім. Сөйтіп маған он бес хадис жеткізді. Мен оған:
- «Тағы да дүрені арттыр да, әрбіріне бір хадистен жеткіз» - дедім. Имам Мәлик күлімсіреп:
- «Өз жөніңмен бара бер» - деді.
Басқа тізбекпен келген оқиғада Мухаммад ибн Тархан (Алла одан разы болсын) Һишам ибн Аммардан (Алла одан разы болсын) естігенін жеткізіп, былай дейді: «Мен Имам Мәликтің (Алла одан разы болсын) есігіне барып, оған рұқсатсыз кіріп бардым. Сөйтіп, ол өзінің қызметшісіне маған он жеті рет қатты дүре соғуды бұйырды. Сосын мені шығарып, дүре соқты. Сөйтіп мен оның есігінің алдында жылап отырып алдым. Соққыға бола жылаған жоқпын, бәлкім қайғыдан жыладым. Сосын бір топ жамағатқа болған қисса жайлы баяндап бердім. Олар мен үшін Имам Мәликтен (Алла одан разы болсын) шапағат сұрап, ол маған он жеті хадис жеткізді» (Сияру Әғләм ән-Нубәлә (11/428-429-б.)
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz