03
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Адамдармен осылай мәміледе бол

Адамдармен осылай мәміледе бол

Ислам тарихы

Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) адамдармен болған қарым-қатынасы:

Пайғамбарлық өзіне жүктелместен алдын адамдар оның шыншыл әрі сенімді екеніне тәнті болатын. Оны ел аузына «Әл-Әмин», яғни (сенімді) деп атайтын еді. Бір күні бір бәдеуи Пайғамбардан (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) алашағын алуға келген. Бәдеуи дөрекіліке салынып, оған ауыр сөздер айтады. Ол жағдайды көрген сахабалар ашуланып бәдеуиге былай деп ескертеді: «Сен кімге не айтып тұрғаныңды білесің бе?» Бәдеуи «Мен өз ақымды алуға келдім»,- деді. Ал пайғамбарымыз «Сендер оны ұстап жібермей тұрсыңдар. Алайда бұл адам ақысын сұрап тұр ғой»,- дейді. Мен пайғамбармын менімен қалай сөйлесіп жатсың деп керіліп жатқан жоқ. Алланың елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) қарапайымдылығы соншалық өзіне берілген білімді Алласымен байланыстырады. Бізде кейбір бауырларымыз бір екі арапша кітап оқып алған соң, сол оқыған білімін көтере алмай жатады. Өзінің білімді ұстаз екенін білдіргісі келіп шамасы жетпеседе кейбір ауыр сұрақтарға жауап беріп оған пәтуасын беріпте жібереді. Алла өзі құранда айтқандай: «Ол ешқана өз көңіл қалауымен сөйлемейді. Тек біз көкірегіне салған уахиді ғана сөйлейді» (Нәжім,3/4 аяттары)

Бір күні Алла елшісіне Сайб деген араб саудагері таныстырылды. Сонда ол кісі: «Мен оны сендерден де жақсы танимын»,-деді. Сайб: «Ия, сауда да жүргенде жолдас болған едік. Бүкіл есептері өте керемет болатын»,-деген еді. Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) біреуден бір түйе алып, орнына одан да керемет бір түйе береді де: «Қарыздарын жақсы әрі керемет түрде өтеген адамдар – мәртебелі кісілер»,-дейді. Пайғамбардың тікелей өзіне жасалған қастандық немесе қылмысы үшін ешқашан кек алмайтын көпшіліктің ішіндегі ең аз ашуланатыны, ең көп риза болатыны, ең нәзік жүректісі сол кісінің өзі. Мәжіліске келген кісілердің дөрекі сөздері мен мінездеріне ешқандай эмоцияға кірмеген, қайта кешірімділікпен қарайтын кез келген нәрсеге. Біз Алланы танып тұрсақта өзіміздің қателіктерімізді біліп тұрсақта, еш мойындамайтынымыз бар. Сол жердегі жағдайға ұялып, бірақ бізді 24 сағат бақылап тұратын Алладан ұялмаймыз өкінішті. Өзімен бірге отырған немесе алдына келіп мұң мұқтаждарың сөздерін соңына дейін сабырлықпен тыңдайтын. Егер біреу бір нәрсе қаласа, қалауын беретін, ал бере алмаса уәде ететін. Қараңызшы сахабаларына әкелік мейіріммен мәміле жасайтын болған. Біз қарапайым бала шағамызбен әйелдерімізге олай мәміле жасай алмаймыз, сөйте тұра пайғамбарды жақсы көреміз.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) кездесуі мен зияраты:

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) өзімен кездесуге, ақылдасуға келген зияратшыларды қабылдағанда амандасу үшін алдымен өзі қолын созатын, ұятай бізде солай бірінші болып қол алатын мінез барма екен.... ал қол алысып тұрғанда қолын бірінші болып тарып алмайтын. Кейбір адамдар қолының ұшымен амандасатын хәлде себебі оның қолында біраз билік күші бар, бірақ ол күш Алланың оған бергенін ұмытты. Біреу құлағына бірнесе айтқысы келсе, сөзін бітірмей жүзін оған бұрмайтын. Зиярат етіп келген қонақтары алдымен сәлем беріп, рұқсат сұрайды, сосын барып құзырына кіреді. Пайғамбарымыздың өзі де біреуге зиярат етуге барса, есіктің оң, не сол қанатына тұрып, “Ассаламу алейкум” деп, ішке кіру үшін рұқсат сұрайды, рұқсат етілсе кіреді, етілмесе кері қайтатын еді. Қателіктерді мойындауда ерлік дейдіғой. Шынымызды айтайықшы кейде есікті қақпайда кіріп кететін жағдайлар болады ғой. Тіпті есікті ашпаса ашқанша қағып тұра береміз. Олардың үйінде не жағдай болып жатқаны қызық емес главный біздің жағдай шешілсе болды. Сахабаларының бірімен кездесіп қалған кезде онымен қол айқастырып амандасып, оның қолын қатты қысатын. Жолда кездескен барлық адаммен мейлі ол құл болсын бәрімен сәлемдесе беретін. Алла елшісі ауру адамдардың көңілін сұрауға қатты көңіл бөліп, ондай адамдарды зиярат ету мұсылмандардың міндеті екендігін үнемі айтатын. Ауру адамның көңілін сұрай барғанда оны өмірге үміттендіріп “Инша Алла айғып кетесің” дейтін. Егер біреу көңілге тиер сөз айтатын болса, оған қатты ренжитін. Ауру адамдардың өлім жайындағы ойларын сейілтіп көңілдерін көтеретін. Жақын ағайын туысымызға баруға ерінетін болдық. Сондағы кететін ақшаны болмайтын нәрселерге де жұмсап жібереміз.

Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) кедейлерге деген сыпайлығы.

Пайғамбарымыз жалпы материалдық жағдайы төмен отбасыларға, кем кетіктерін жабу үшін оларға аса мейрімділікпен қарым қатынас жасайтын. Олар жыласа бірге жылайтын, қуанса бірге қуана алатын Алланың елшісі осыншалықты мейрімнің шегін көрсетті. Тіпті мынандай айтқан сөздері де бар: «Мүминнің жағдайы қиндығы мен қуантарлығы бар. Өйткені ода кездесетін әр бір жағдайы өзі үшін жақсылықтың себебі. Мұндай қасиет тек мүминде ғана бар. Қуанатын болса шүкіршілік етеді, бұл ол үшін хайыр болады. Бір бәлеге ұшарайтын болса сабыр етеді,бұл да ол үші хайырлы болмақ».(Муслим,Зуһд,)

Бір күні Мәдинаға өте нашар киерге аяқ киімдері жоқ, ішерге астары жоқ төмен жағдайлы ел келді. Мұны көрген Алланың елшісінің түрі қатты өзгеріп кетті. Біләл азаншыға азан айттырып бүкіл сахабаларын жинады. Содан соң тапсырмалар беріліп сондағы бүкіл пақырларға жәрдем беріліп, үлкен қайырымдылық көрсетті. Қарасаңыз пайғамбарымызға кез келген үмбетінің жағдайы маңызды әрі уайым. Сізде үмбетке деген сондай уайыммен қайығру бар ма? Біз қарапайым өз туығандарымыздың жағдайылары төмен екенін білсекте кейде білмегендей отыра береміз өкінішті... Алланың елшісінде ондай түсінік жоқ, ол үмбетке жараспайтын іс екенін көрсетіп кетті. Мына хадистің мағынасы ауыр қараңызшы: «Ей, Айша! Жарты құрмамен болса да, пақырлардың қолын бос қайтарма! Ей, Айша! Пақырларды сүй және оларды өзіңе жақын тарт! Сонда Алла да сені қияметте өзіне жақын тартады».(Термизи, Зуһд,37/2352).

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: