16
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құран арқылы дәрежесі көтерілетін кісі

Құран арқылы дәрежесі көтерілетін кісі

Ислам тарихы

Амир ибн Уәсиләдан (Алла оған разы болсын):

(Бірде) Нафиғ ибн Абдул-Харис Ғұсфан (деп аталатын жерде) Омармен (Алла оған разы болсын) кездеседі. Омар оны Меккенің әкімі етіп тағайындаған болатын. (Омар одан): «Жазықтың тұрғындарына кімді басшы етіп қалдырдың?» – деп (сұрайды. Нафиғ): «Ибн Абзаны», – дейді. (Омар): «Ибн Абза кім?» – дейді. Ол: «Азат еткен құлдарымыздың бірі», – дейді. (Халифа): «Оларға азат етілген құлды басшы етіп қалдырдың ба?!» – дейді. (Нафиғ): «Өйткені ол – Алла Тағаланың кітабын оқитын және мирас үкімдерін білетін кісі», – дейді. Сонда Омар: «Расында, Пайғамбарларың (с.а.с.): «Ақиқатында, Алла осы кітап арқылы бір адамдардың (дәрежелерін) көтеріп, енді біреулерді төмендетеді», – деп айтқан еді», – депті (817/269).

Ғұқба ибн Амирден (Алла оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз Суффада отырғанымызда, Алла елшісі (с.а.с.) (үйінен) шығып: «Қайсыбірің әр күні ертемен Бутханға немесе Ақиққа барып, ол жерден күнә істеместен және туыстық қарым-қатынасын үзбестен, өркештері үлкен екі түйе әкелуді қалайды», – деді. Біз: «Уа, Алланың елшісі! Біз оны қалаймыз», – дедік. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Біреуіңнің ертемен мешітке барып, Алла Тағаланың кітабынан екі аят үйренуі немесе оқуы ол үшін екі түйеден де жақсы. Үш (аят) ол үшін үш (түйеден) жақсы, ал төрт (аят) төрт (түйеден) жақсы. (Қанша аят үйренсе немесе оқыса,) олардың саны (сонша) түйеден жақсы», – деді», – деген1 (803/251).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: