Әлсіз хадистер көптеген түрге бөлінеді. Олардың кейбіріне тоқтала кетсек:
– «ғариб» (бөгде) – Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасынан өзге жалғыз риуаятшы жеткізген хабар;
– «муъдал» (қиын)
– иснадында екі не одан көп риуаятшы қатарынан бір орында түсіп қалған хадис;
– «муъаллақ» (нақтыланбаған)
– иснадының бас жағында жазбагердің тарабынан бір немесе одан көп риуаятшы алынып тасталған хадис;
– «мубһам» (белгісіз, бұлыңғыр)
– хадистің иснадында әлдебір риуаятшының есімі аталмай, «маған Суфйан бір кісіден жеткізді» деген сияқты тіркеспен бұлыңғыр түрде берілген хабар;
– «мудаллас» (бұлыңғыр)
– хадисті жеткізуші өзінің ұстазының есімін айтпай, бірден оның алдындағы риуаятшыны көрсеткен хабар;
– «мунқатиъ» (ажыраған)
– иснадында бір немесе бірнеше риуаятшы түсіп қалған хадис; – «мақлуб» (теріс)
– хадистің мәтіні не иснады бөліктерінің орындары ауысып кеткен хабар;
– «мурсал» (сілтемелі)
– әлдебір табиғин сахабаны айтпай риуаят еткен хадис;
– «шаз» (қарама-қайшы) – сенімге көбірек ие риуаятшылардың хадисіне қарама-қайшы келетін хабар.
Тұңғыш рет бірыңғай сахих хадистер жинақталған алғашқы еңбек – әл Бұхаридің «Сахихі», ал екіншісі – Муслимнің «Сахихі». Бұл еңбектер – Құраннан кейінгі ең сенімді жинақтар. Ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша, аталмыш екі жинақты да үлгіге ие кітаптар деп санау керек.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz