Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде былай баяндайды:
«Алла алдында оған дұға етуден қымбат нәрсе жоқ. Дұға құлшылықтың негізі» (Тирмизи, Дағуат 9).
«Кімге дұға есіктері ашылса, оған рахмет есіктерінің ашылғаны» (Тирмизи, Дағуат 101).
«Қабылданатындығына сеніп, Алла Тағалаға дұға етіңдер. Бірақ, Алла Тағала ғапыл жүрекпен жасалған дұғаны қабылдамайтынын білгейсіңдер» (Тирмизи, Дағуат 65).
Хадис шәрифтің ескерткеніндей, ғапыл жүрекпен әрі немқұрайдылықпен жасалған дұғаны Алла алдында қабыл болады деп ойлау, шайтанның алдауына еру ғана.
Имам Раббани (құддисә сирруһ): «Екі қолдың бірігуімен жеңіске жететін бір соғыс бар. Біреуі шекарадағы әскер, екіншісі дұға әскері» - дейді. Сондай-ақ сахабалар соғысқа шыққан кезде жеңіске жету үшін өз дұғаларына қосымша Суффа сахабаларынан да дұға етулерін сұрайтын.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бір мүминнің екінші бір мүминге сырттай еткен дұғасынан тез қабылданатын ешқандай дұға жоқ» - (Тирмизи, Бирр 50) деп бұйырған.
Адамдар дұғасы қабыл болады-ау деп үміттенген кісілерден дұға етуін сұрайды. Алайда, дұғаның қабыл болуындағы негізгі себеп дұға етушінің Алла алдында лайықты болуынан гөрі сұраудағы ықыласы мен шынайылығына байланысты. Бұл күнәһар біреудің де мүмин бауырына ықыласпен жасайтын шынайы дұғасы Алла алдында дәреже жағынан одан неше есе жоғары басқа біреудің дұғасынан абзал болады деген сөз. Бұлай болмағанда күнәһардың кемшіліктерін айту – «ғайбат» деген үлкен күнәнің бірі болып саналмас еді. Осы жерде кім болса да, Алла құлдарынан біреуінің көңілін аулап, оның шынайы дұғасын алудың қадірін білген жөн.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz