Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай:
«Бүгінің – бәстесу, ертеңің - бәйге, мәресі – жәннат, ал ұтылушы – тозаққа кірген адам».
Абдулла ибн Укәйим мынадай бір оқиға жеткізеді: «Әбу Бәкір әс-Сыддық (Алла оған разы болсын!) бізге былай деп құтба оқыды: «Мен сендерге тақуалықты өсиет қыламын. Ажалдарың сендерді ең жаман амалдарыңмен онаша қалдырар алдын бос уақыттарыңды пайдаланып үлгеріңдер. Расында, өздерін ұмытып өз ғұмырын өзгелерге арнағандар бар. Сендер олар секілді болмаңдар. Өздеріңді азаптан құтқаруға асығыңдар. Шындығында, сендердің арттарыңнан қадамы тез, талабы ауыр [өлім] келеді». (Мусаннаф).
Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) айтты: «Баяулық барлық істе жақсы, тек ақырет істерінде емес».
Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Мен үшін дүние мен ақыреттік істерден еш үлесі жоқ бос адам жиіркенішті». Тағы бір сөзінде айтты: «Расында, сендер қысқа ғұмыр мен шектеулі амалдардың, күн мен түннің қозғалысындасыңдар. Өлім әп-сәтте келеді. Кім жақсылық дәнін ексе, жемісін көреді. Кім жамандық дәнін ексе, өкінішке тап болады. Әрбір егінші еккенін көреді».
Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) айтты: «Баяулық пен жалқаулық үйленіп, дүниеге пақырлық келді».
Хасан әл-Басри былай депті: «Бұл дүниеге жаңа күн туғанда ол былай айтады екен: «Уа, адамзат, мен – жаңа күнмін. Менде амал еткендер үшін куә боламын. Менің күнім батқан соң сендерге қияметке дейін қайтып келмеймін».
Әбу Бәкір ибн Ғияш былай деген: «Бір адам күміс дирһамын жоғалтып алса, күйініп «Уа, Алла, дирһамым кетті» деп айтады. Бірақ, сол адамның күні бекер өтсе, «күнім зая кетті, амал етіп үлгермедім» демейді».
Аун ибн Абдулла айтты: «Ертеңгі күнді өзіне тиесілі деп есептейтін адам ол күннің лайықты бағасын бермеген. Жаңа күнді қарсы алып, оның соңына дейін жетпегендер қанша?! Ертеңді аңсап, көрмей кеткендер қанша?! Егер сендер ажал мен оның жүрісін көрсеңдер, онда үміт пен оның өтіріктерін жек көретін едіңдер».
материал «Ғұмырды сақтау» кітабынан алынды,
ummet.kz