24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Ең көп қабыл болатын дұға қайсы?

Ең көп қабыл болатын дұға қайсы?

Ислам тарихы

Сахабалар, Алла Расулынан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сұрайды:

«Ең көп қабыл болатын дұға қайсы?» Сонда ол былай деді: «Түннің соңғы бөлігінде және әрбір парыз намаздың артынан жасалған дұға» (Тирмизи, Дағуат 78).

Дұғаның қабыл болуы үшін тек қана тілмен сұрау жеткіліксіз. Сөздің мағынасынан шыққан тілектен жүрек дірілдеп, дұға осы күнәнің кешірілуі үшін және оны екінші рет істемеу турасында кесімді қарар түріндегі шешіммен талап етілуі қажет. Бір жағынан дұғаның Хақ Тағала алдында қабылдануын қамтамасыз етуде тура жол мен салих амалдың мәні зор. Бұл туралы аятта былай баяндалады: «Оған (Ұлы Аллаға) тап-таза сөздер (шынайы дұға мен мінәжәттар) көтеріледі. Мұны салих амалдар көтереді» ("Фатыр" сүресі, 10-аят).

Дұғаларды «хауф уә рәжә», яғни қорқыныш пен үміт арасында қажет. Дұға мен истиғфар жеке бас пен ұлттарды амандыққа жетелейді, болашақ қауіптерді жояды. Жүрек науқастығынан құтылу және дұғаның қабыл болуы хақында Хазіреті Мәулана (құддисә сирруһ) былай дейді: «Пұшаймандық отына толған көңілмен, жасты көзбен дұға және тәубе ет! Өйткені, гүл – күн шуақ пен сулы жерде ашылады!»

Алғашқы тәубе ету алғашқы пайғамбар Хазіреті Адамнан (аләйһиссәләм) басталған. Ол тәубесінде: «Ей, Раббымыз! Біз өзімізге зұлымдық жасадық. Егер бізді кешіріп, бізді аямасаң, әрине зиянға ұшырағандардан боламыз» - ("Ағраф" сүресі, 23-аят) деп жалбарынған. Бұл дұға өзінен кейін қияметке дейін келетін ұрпақтарына бір истиғфар үлгісі болып қалған.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: