Көз – көру құралы. Одан туындайтын әсерге де «көз» сөзі қолданылғанымен, негізінде бұл сөзбен «назар салуды», яғни «қарауды» білдіреді.
Бірақ, халық арасында, «көз» сөзі көбінесе қараудан пайда болған әсер үшін қолданылады. Тіпті бұл әсердің жағымсыздығы айтылады. «Көз тиюі» дегенде бір адамның қарауы арқылы келтірілген материалдық немесе рухани зиян айтылады. Хадис шәрифтерде назардың бұл түріне былай ишарат жасалады: «Көз тию - (назар) хақ» (Бұхари, Тыб 36).
«Назар – адамды мазарға, түйені қазанға салады (өлтіреді)» (Суюти, Жамиус-Сағир ІІ, 60).
Бұл мағынадағы назардың әсері жөніндегі мағлұмат көп және тәжірибелер баршаға аян. Яғни, әркім біліп, қабылдайтын шындық. Бірақ, көзден шыққан әсер халықтың ойлағанындай тек зиянды емес, пайдалы түрде де көрініс табуы мүмкін. Оның себебі, қараған көзден алдындағы адамға немесе нәрсеге мәні толық беймәлім бір сәуленің шағылысуы. Әсер, осы сәуленің жағымды немесе жағымсыз сипатынан туындайды. Қазіргі кезде сәуле жайлы физикалық мағлұматтар оның әсерін ғылыми шындық ретінде қабыл алуымызды қажет ететіндей дәрежеде дамыған.
Назар кейбір жануарларда да болады. Мәселен, оқ жыланның қарағаны соншалықты әсерлі болады. Оның қарасынан жүкті әйелдің баласының түсуіне және тіпті кейбір жәндіктердің өлуіне себеп болады.
Халық ғылыми түрде болмаса да, сезіммен немесе дәстүр бойынша білетін «көз тиюдің – назардың» тасаввуфта, яғни, дәруіштің рухани тәрбиесінде үлкен ролы бар. Өйткені кәміл мүршидтер – нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазартудың нәтижесінде назарының әсері жоғары дәрежеге жеткен адамдар. Бұл ізгілік пен құдірет Хазіреті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мирас боп қалған.
Адамзаттың рухани топтарының ең бірінші қатарында тұратын пайғамбарлар тізбегінен кейін «сахабалар» орын алады. «Сұхбат» сөзімен бір түбірлес «сахаба» сөзі Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) фәйзді сұхбатына мұсылман күйінде қатысу абыройына ие болған адам дегенді білдіреді. Бірақ, олардағы атақ-абырой мен құрметтің себебі «пайғамбар сұхбатына қатысу берекетінен» болса, негізінде ұлы тұлға пайғамбарымыздың көз алдында болып, Оның назарының сәулесі оларға шағылысуы еді. Расында «сахаба болу» үшін әр түрлі өлшемдер айтылса да ең әйгілісі – бір адамның иман ете отырып Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көз алдында болуы, яғни, оған қараған және оның назарына түсуі.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мүминнің көрегендігінен сақтаныңдар! Өйткені ол Алланың нұрымен қарайды» - (Тирмизи, Тәфсир 15) деп ескерте отырып, әрбір мүминнің көрегендігінің оның иманына қарай болғандығын меңзеген. Сондықтан кәміл мүминдер болып саналатын әулиелердің көрегендігі басқаларға қарағанда анағұрлым күштірек болады. Хадис шәрифте айтылған «Сақтаныңдар!» ескертуі – «кәміл мүминдердің алдына жасырын есеппен және бұлыңғыр көңілмен бармаңдар! Өйткені, олар, ерекше көрегенділікпен сендердің жасыруға тырысқандарыңды да көреді» - деген сөз. Өйткені, назары осы күшке жеткендерге сырттай перделер ашылғандықтан, ақиқатты айқын түрде көреді. Сондықтан ғалымның алдында тілді, арифтың (Алланы шынайы танитын әулие) алдында көңілге сақ болу діни әдептіліктің шарты.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz