Бұл жерде жаман мінездер баяндалады. Жақсы мінездердің негізі, тірегі төрт мінез еді.
Жаман мінездердің де басы төртеу:
1) Рәзалат – хикметтің терісі.
2) Жубн – қорқу, жүрексіз болу, шәжааттың терісі.
3) Фужур – нәпсіге бағыну, күнә істеу, ар-намыстың терісі.
4) Жәур – зұлымдық. Әділеттің терісі.
Әр жақсы мінездің терісі, қарама-қарсылығы болған сансыз жаман мінездер бар. Өйткені, жақсылық дегеніміз – орта жол деген сөз. Орта жолдың оңында, сол жағында болу – жақсылықтан айырылу болады. Кісі орта жолдан қаншалықты ұзақ болса, жақсылығы соншалықты азаяды. Хақ жол тек біреу ғана. Ал адасқан, бұзылған жолдар көп. Тіпті шексіз. Дұрыс жолға қолжеткізгеннен кейін сол жолда қалу, сол жолдан мүлдем шықпау өте қиын. "Худ" сүресінің 113-ші аятында: «Әмір етілген дұрыс жолда бол!» делінген. Бұл аяти карима түскен кезде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәллам) "Худ" сүресі сақалыма ақ түсірді» деген. Аят каримада әмір етілген бағытты орындау үшін пайғамбарлар “алейһимуссалауату уаттәслимат”, әулиелер, сыддықтар “рахиме-хумуллаһу тағала” абдырап қалған. Осы қорқыныштан Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уә сәллам) мүбәрак сақалына ақ түскен. Дұрыс жолда бола алу өте қиын болғаны үшін «Сырат көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір» делінген. "Фатиха" сүресіндегі аят кариманың мағынасы: «Дұрыс жолға қауышуды Алла Тағаладан сұраңдар!» Мүминнің бұл дүниеде дұрыс жолға жармасуы керек. Қиямет күні Сырат көпірінен өте алу үшін дүниеде дұрыс жолда болу керек.
Әулиелердің ұлылары “рахиме-хумуллаһу тағала” былай дейді: Мухбири садық (яғни әрдайым дұрыс айтушы) (саллаллаһу алейһи уә сәллам) қияметтегі ниғметтер мен азаптар жайлы нелер айтқан, қандай хабарлар жеткізген болса, олардың барлығы адамның осы дүниеде қолжеткізген мінездердің, ахлақтың және амалдардың көрінісі. Сол жақтағы бейнесі. Ахлақта және амалда дұрыс жолда болудың сол жақтағы көрінісі, бейнесі – сырат көпірі делінді. Дүниеде дұрыс жолда болғандар, Ислам дінінен айрылмағандар, ол жерде сырат көпірінен тез өтеді, марифеттер мен жетістіктер жәннаттарына және жақсы амалдардың бақшаларына қауышады. Бұл жерде дін жолында жүруге мән бермей қарағандар сол жақтағы сырат көпірінен әрең өтеді. Ислам діні көрсеткен дұрыс сенім мен амалдардан айрылғандар, оңға-солға адасқандар сыраттан өте алмай жаһаннам отына түседі.
"Зуһруф" сүресінің 36-шы аятының мағынасында: «Нәпсіне бағынып, Алла Тағаланың дінінен бет бұрғандарға дүниеде бір шайтан жіберіп беймаза қыламыз» делінген. Бұл аят каримаға қарап, кейбір ғалымдардың айтқаны: жақсы және кәміл істерді жасататын әдетті бір періште шығарады. Адастыратын, жамандық істететін әдетті бір шайтан шығарады. Сол екеуінің бірі қияметте ол адамға дос болады. Сондықтан әр адам өз мінезі мен амалына қарап, ахиреттегі досының кім болатынын біліп ала алады.
материал «Мінезді өзгерту алхимиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz