09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Алладан басқа үшін жасаған амалың – құр шаршау ғана

Алладан басқа үшін жасаған амалың – құр шаршау ғана

Ислам тарихы

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) бірде бір кісі:

– Біреу атақ пен ел аузында қалу үшін бірнәрсе жасаса, оған не бар? - деп сұрайды.

– Оған ешнәрсе жоқ! - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Үш рет қайталап сұрағанда да осы жауапты алады. Үшіншісінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Алла ықыласпен, Өзінің разылығы үшін жасалған амалды қабыл етеді! - дейді.

Алла үшін емес, басқа үшін басып өткен жолың босқа кетеді. Алладан басқа үшін жасаған амалың – құр босқа шаршау ғана. Ниет – амалдың өзегі. Ниетіңді дұрыста! Мені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисі қатты қорқытады: «Тозаққа ең бірінші қариды, садақа берушіні, шәһидті жағады». Өйткені олар осы сауапты амалдарды Алла үшін емес, адам үшін жасайтын!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: