Кісінің туған баласы өзіне дұшпан бола ма? Иә, болады екен. Мұның мысалын өмірден де, айналамызда болған жағдайлардан көруге болады.
Мұны жақсы түсініп, не істеу керектігі турасында Алла Тағала «Тәғабун» сүресінің 14-аятында былай дейді:
«Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді».
Біреудің баласын дұшпаннан басқа кім өлтіреді? Қабыл да Әбілді өлтіріп, әке-шешесіне дұшпан болды. Олар да басына түскен бұл сынаққа сабыр етті және Аллаға қарсы шықпады.
Әнәс (оған Алла разы болсын) былай деген: Бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірдің басында (баласын жоқтап) жылап тұрған бір әйелді көріп оған: «Алладан қорық және сабыр ет!», - деді. Ол әйел Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) танымай: «Мені жайыма қалдыр. Саған мұндай қайғы келген жоқ қой!», - деді. Ол әйелге: «Ол Пайғамбар ғой!», - делінді. Сонда ол Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есігінің алдына келді. Ол жерде күзетші жоқтығын көрді. Сосын әйел оған: «Мен сені танымай қалдым!», - дегенде ол: «Сабырлық алғашқы соққының кезінде болу керек», - деді (Бұхари, Муслим)
1.Сабырлылық тақуалықпен болады, сабырсыздық иман әлсіздігін көрсетеді.
2.Қиындықтың алғашқы кезінде болған сабыр ең мақтаулы сабыр саналады. Себебі, ауыртпашылық уақыт өте келе жеңілдейді не ұмытылады.
3.Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бейтаныс кісінің білместігіне кешіріммен қарауы – ажырамас сипаттарының бірі.
4.Әрдайым жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю – сүннет.
материал «Ғалым тәрбиелеген аналар» кітабынан алынды,
ummet.kz