15
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дұға ету әдебі: Дұға жасағанда дауысты бәсеңдету

Дұға ету әдебі: Дұға жасағанда дауысты бәсеңдету

Ислам тарихы

Алла Тағала:

«Раббыларыңа жалбарынып әрі жасырын түрде дұға қылыңдар. Шынында Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («Ағраф» сүресі, 55-аят); «Раббыңды ішіңнен жалбарынып, қорыққан түрде әрі дауыстамай ертелі-кеш есіңе ал да, қаперсіздерден болма» («Ағраф» сүресі, 205-аят), – деген.

Әбу Мұса (Алла оған разы болсын): «Бірде Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда болдық. Адамдар дауыс көтеріп тәкбір айта бастады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, адамдар! Іштен ақырын айтыңдар! Сендер саңырауды не арамызда жоқ біреуді шақырып жатқан жоқсыңдар, Естуші әрі Жақынды шақырып жатырсыңдар. Ол сендермен бірге», – деді», – деген (Әл-Бұхари, Муслим).

«Ол сендермен бірге» дегенінің мағынасы: Алланың білімімен, әр нәрседен хабардарлығымен бірге болуы. Оның екі түрі бар: жалпы және жалқы. Жалпы бірге болуы, білімімен, хабардарлығымен бірге болуы. Алла Өзіне ғана тән ұлылығымен Өзінің аршында, соған қарамастан Ол пенделерінің іштеріндегі сырларын да біледі. Ештеңе де Одан жасырын қала алмайды. Ал жалқы бірге болуы дегеніміз – Алланың қиыншылық кездерде мүміндерді қолдап, жеңіс пен сәттілікке жеткізуі.

материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,

ummet.kz




Бөлісу: