Алла Тағаланың Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«(Ей, Расулым!) Оны (Құранды) Жәбірейіл инзар етушілерден бол деп сенің жүрегіңе түсірген,» - (Шұғара сүресі 193-195 аяттар) деп бұйыруында таусылмас хикметтер бар.
Сол хикметтердің негізі де, барлық маңызды мағлұматтардың, әсіресе, иләһи ілім мен парасаттылықтың тек көңіл арнасында ғана өсіп-өне алатындығы ақиқаты. Яғни, әрбір ілімдік ақиқат тек қана ғашықтық, шабыт пен фәйз арнасы халіндегі жүректер арқылы ішкі мағыналар мен сұлулықтарды паш етеді. Сондықтан тасаввуфтың: «Негізі – ілім. Бірақ, бұл негіздің мақсаты – салих амал. Бұл да, қысқаша айтқанда Алланың әмірлеріне тағзым ете отырып, орындау және барлық жаратылғандарға мейіріммен қарау сырында жасырылған. Әйтпесе, ілім – пайдасыз бос әурешілік»- деген мәндегі көзқарас осы ақиқатқа саяды.
Яғни, барлық кітаптағы мағлұматтар шындығында бір дәнге ұқсайды. Дән топыраққа егілмей, тек қана, қамбада жылдар бойы тұрса, сол дән қалпы тұра беретіні сияқты, кітаптағы мағлұматтар да оқылмаса, сол кітапта немесе сөреде тұра бермек. Керісінше, топыраққа егілген дәндер болса, қасиеттеріне қарай өсіп-өнеді. Дәл сол сияқты көңіл топырағына егілген ілім дәнектері де жүректі руханият бақшасына айналдырып, ілім мен парасаттылықтың жемісі көрініс табатын орын халіне келтіреді. Сол үшін де Құран Кәрім Расулұлланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк жүрегіне түсіріліп, сахабалар тура жолды және мағлұматты кітаптан емес Жаратылыс Нұрының көңіл әлемінен оқыған. Осылайша олардың көздері мен көңілдері иләһи кәләмнің (сөз) жүректегі ұлы да, теңдессіз көріністерімен нұрланып, Исламның пәк әрі ішкі ақиқаттары, сыры, хикметтері барлық әдемілігімен рухтарға шағылысқан. Бір қарағанда сахабалар Алла Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанды Құран түріндегі дара тұлғасы мен мінезіне қарап қайран қалып, иман етіп, оның айналасына жиналған.
Міне тасаууф та осы көріністен үлгі алып, Исламды руханият пен фәйз арнасында ұстануды қағида етіп, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) нұрлардың көзі болған көңілінен әулиелерде көрініс тапқан нұрлы жарықтарды ғасырлар мен ұрпақтарға жеткізуге ат салысқан. Бұл тұрғыда діннің пәтуа жағы болса, ғимараттың негізгі тіреулері іспеттес, ал, тақуа жағы болса, сол тіреулердің айналасындағы толықтырушы бөлімдер арқылы көркемдік пен тартымдылықтың міндетін атқарушылары деген сөз. Бір жағынан осы екі ерекшелікті бірлестірген тасаууф - бір жағынан жақсы амал мен ахлақ кемелдігіне қосымша адамды, өмірді және әлемді түсіндіріп, жауапкершіліктің кеңірек хикметпен баяндалып, орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жөнінен тасаввуф Алла сүйіспеншілігі мен мағрифатұллаһ тақырыбында құлдарға көңілден миғражға қарай ашылған рухани терезе іспетті.
Тасаууф – жоғарыда айтып өткеніміздей, Исламды ықылас, тақуалық, зүһд, ихсан, мұрақабә, шынайылық, мойынсұну және сүйіспеншілік қағидалары бойынша ұстана білу деген сөз. Оның ең маңызды мәселесі де осы ақиқаттарды түсіндіруден бастап, оларды өмірімізге мүмкіндік пен қабілетімізге қарай енгізе білу. Салих ғалымдар ең алдымен уағыз, насихат жасап, иләһи сұлулық пен мақтаулы ахлақты түсіндіргеннен соң: «Айту оңай, тыңдау оңай; бірақ, шарты бойынша амал ету өте қиын!» - дейтін.
Сондай-ақ, көңілдердің кемелдікке жетуі үшін ұсыныстар жасайтын. Осы терезеден бір қарағанда жазу да, оқу да оңай. Бірақ, қажетті түрде ұстанып, сол жақсылықтарды өміріміздің қажеттілігіне айналдыру өте қиын. Яғни, «сабыр ет» деген қысқа ғана бір сөзді айтқан ауыз да, естіген құлақ та және жазу ретінде оқыған көз де шаршамайды. Бірақ, бұл сөздің сансыз дерт, қаншама ауыр азап, қиыншылық, мыңдаған пәлекеттер мен әр түрлі ауыртпалықтарға тап болған көңілдердегі көрінісі туралы айтылғанда адамдар көбінесе қиналып, сабырсыздық танытады. Сондықтан, барлық мәселе тасаввуфи мәліметтерді тек қана үйрену мен үйрету емес, оларды көңіліміздің өмірі мен бақыттылығының дауасына айналдыру.
Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ол - Алла өмір мен өлімді қайсыларың жақсы амалдарды жасайтындықтарыңды сынау үшін жаратқан» - ("Мүлік" сүресі 2-аят) деп бұйырып, құлдарын салих амал істеуге шақырады.
материал «Тасаууф тұнығынан» кітабынан алынды,
ummet.kz