19
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнде оянған кездегі дұғасы

Пайғамбардың (с.ғ.с.) түнде оянған кездегі дұғасы

Ислам тарихы

Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.) түн ортасында намазға тұрғанда былай дейтін:

«Аллаһумма, ләкәлхамд(у), Әнтә – Нурус-сәмәуәти уәл-ард(и). Уә ләкәл-хамд(у), Әнтә – Қаййамус-сәмәуәти уәл-ард(и). Уә ләкәл-хамд(у), Әнтә – Раббуссәмәуәти уәл-арди уә мән фиһинн(ә). Әнтәл-Хаққ(у), уә уаъдукәл-хаққ(у), уә қаулукәл-хаққ(у), уә лиқа-укә хаққ(ун), уәл-жәннәту хаққ(ун), уән-нару хаққ(ун), уәс-саъату хаққ(ун). Аллаһумма, ләкә әсләмту, уә бикә әмәнту, уә ъаләйкә тәуәккәлту, уә иләйкә әнәбту, уә бикә хасамту, уә иләйкә хакәмту, фағфир ли мә қаддамту уә аххарту, уә әсрарту уә аъләнт(у). Әнтә иләһи, лә иләһә иллә Әнт(ә)!

(Уа, Алла! Саған мақтау болсын, Сен – аспандар мен жердің Нұрысың! Саған мақтау болсын, Сен – аспандар мен жердің қалтқысыз Басқарушысысың! Саған мақтау болсын, Сен – аспандар мен жердің және ондағылардың Раббысысың! Сен – Хақсың, Сенің уәдең – хақ, сөзің – хақ, Сенімен жолығу – хақ, жәннат – хақ, тозақ – хақ және Қиямет – хақ. Уа, Алла! Мен Саған бойсұндым, Саған иман келтірдім, Өзіңе тәуекел еттім, Өзіңе тәубе қылдым, Сенің көмегіңмен дауластым және Өзіңе жүгіндім, мен үшін бұрын істегенімді және кейін істейтінімді, жасырын істегенімді және жария істегенімді кешіре гөр! Сен – менің құдайымсың, Сенен өзге ешбір құдай жоқ!)» (769/199).

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: