19
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Сапарда намазды қашан қысқартуға болады?

Сапарда намазды қашан қысқартуға болады?

Ислам тарихы

Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Алла елшісімен (с.а.с.) бірге бесін (намазын) Мәдинада төрт (ракағат) оқыдым. Ал онымен бірге асрды Зул-Хуләйфада екі ракағат оқыдым», – деген (690/11).

Қажылық кезінде намазды қысқарту

Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын). Ол: «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Мәдинадан Мекке бағытына бет алдық. Сонда ол қайта оралғанша намазды екі-екі ракағаттан ғана оқыды», – деп айтқан. Мен: «Ол Меккеде қанша (уақыт) тұрды?» – деп (сұрағанымда), ол: «Он (күн)», – деп (жауап берді)», – деген. (Келесі) бір риуаятта: «Мәдинадан қажылыққа шықтық» (делінген)2 (693/15).

Минада намазды қысқарту

Ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.), Әбу Бәкір және Омар, ал Осман сегіз жыл (не алты жыл) Минада жолаушы намазын оқыды», – деген. Хафс: «Ибн Омар Минадағы кезінде намазды екі ракағаттан оқитын да, содан кейін төсегіне келетін. Мен: «Уа, көкешім! Бұдан кейін (тағы) екі ракағат намаз оқымайсың ба?» – дегенімде, ол: «Егер бұлай жасасам, намазды толық оқимын ғой», – деді», – деп айтқан (694/18).

Сапарда екі намазды біріктіріп оқу

Әнәстен (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) сапар кезінде асықса, бесін (намазын) асрдың әуелгі уақытына дейін кешіктіретін де, ол екеуін бірге оқитын. Сондай-ақ шам (намазын) кешіктіріп, оны шапақ жоғалар кезде құптанмен қатар оқитын 6 (704/48).

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: