Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Жеті (адамды) Алла Оның саясынан басқа сая болмайтын күні Өз саясында паналатады:
1) әділ басшы;
2) Алланың ғибадатында ержеткен жас жігіт;
3) жүрегі мешіттерге байланған кісі;
4) бір-бірін Алла үшін жақсы көріп, сол үшін бас қосқан және сол үшін айырылысқан екі кісі;
5) мансапты әрі көрікті бір әйел (зина жасауға) шақырғанда: «Расында, мен Алладан қорқамын» деген кісі;
6) садақа беріп, оны оң қолы сол қолының не беріп жатқанын білмей қалатындай (дәрежеде) жасырған кісі;
7) оңашада Алланы еске алып, көздері жасқа толған кісі», – деп айтқан (1031/91).
Садақаны, көмектерді кейде ашық беру керек болса да, жалпы көбінесе жасырын беру жақсырақ болады. Құран Кәрімде былай делінген:
«Садақаны ашық берсеңдер жақсы болады, жасырын берсеңдер өздерің үшін хайырлырақ болады.» (Бақара 271)
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Қияметте, басқа пана табылмаған күнде Алла Тағаланың панасындағы жеті адамның бірі – берген садақасын жасырған, оң қолының бергенінен сол қолының хабары болмаған адам.» (Бұхари)
«Жасырын (садақа, жақсылық және ғибадаттар) ашық жасалғаннан абзалырақ. Тек, жақсы бір үлгі болатын болса, ашық жасау жасырыннан абзал болады» (Дәйләми)
«Садақаны жасырын беру – жаннат қазынасынан.» (Хатиб)
«Түнде оқылған намаздың күндіз оқылған намаздан үстемдігі, жасырын берілген садақаның ашық берілген садақадан үстемдігіндей.» (Табарани)
«Құранды ашық оқыған ашық садақа бергендей, жасырын оқыған жасырын садақа бергендей болады.» (Тирмизи)
«Жасырын садақа Раббының ашуын басады.» (Бәйһақи, Табарани, Ибни Асакир).
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz