Сатушы тауарды өткізу мақсатында жалған ант беруіне болмайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деп айтқан: «Саудада көп ант беруден сақтаныңдар. Өйткені, ол өтуіне себепші болғанымен, берекені қашырады». Әбу Заррдан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Үш адаммен Алла ақырет күні сөйлеспейді, оларға қарамайды, оларды (күнәларынан) тазартпайды және оларға ауыр азап дайындалған!» Әбу Зарр (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с) бұл сөздерін үш рет қайталады», – деп айтты. Сонда Әбу Зарр (р.а.): «Олар сәтсіздікке тап болып, шығынға ұшырайды! Иә Алланың елшісі (с.ғ.с) олар кімдер?» – деп сұрады. Ол: «Киімдерінің соңын жерге түсірушілер, өзінің игілікті істерімен адамдарға міндетсінетіндер және (саудада) өзінің заттарын жалған антпен сатушылар», – деді. Демек, бұл тауарды осындай бағаға алып едім, саған осыншаға беремін деп өтірік айту, тауардың сапасының жақсы екенін айтып, жалған ант ішу сияқты т.б. істерді осыған жатқызуға болады. Мұндай жалған ант ішу – тауардың тез өтуіне себепші болғанымен, ондай саудаға Алла Тағала береке бермесі анық.
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz