Абдуллаһ ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын):
Алла елшісі (с.а.с.) мінбер үстінде садақа сұраудан арлану жайлы айтып тұрып: «Жоғарыдағы қол төмендегі қолдан жақсы. Жоғарыдағы қол – нәпақа беруші, ал төмендегі (қол) – сұраушы», – деген (1033/94).
Хаким ибн Хизамнан (Алла оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Алла елшісінен (с.а.с.) (мал-дүние) сұрадым. Ол маған берді. Сосын одан (тағы) сұрадым. Ол маған (тағы да) берді. Сосын одан (тағы) сұрадым. Ол маған (тағы да) берді. Содан кейін ол: «Расында, бұл мал-дүние жасыл әрі шырын. Кім оны көңілі қош күйде алса, ол үшін оған береке дариды. Ал кім оны нәпсі жетегімен алса, ол үшін онда береке болмай, ол жесе де, тоймайтын (мешкей) сияқты болады. Жоғарыдағы қол төмендегі қолдан жақсы», – деп айтты», – деген (1035/96).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz