Өзіңді жетістікке жеткендерден санау үшін, капиталы миллион доллар болған компанияны басқаруды немесе бір сыйлық пен марапатқа қол жеткізуіңді күтпе.
Әр күніңде жетістіктің кішкентай бөліктерін ізде және соған қол жеткіз. Өзіңді тәрбиеле, айналаңдағы адамның өміріне бір зат болсын пайда келтір.
Егер отбасыңды адал аспен қамтамасыз ету үшін үйден шықсаң, сен Алланың жолындасың.
Сенің дәрежеңді Алла көтеріп қойды, оны ешкімге таптатпа.
Ешнәрсені көзден таса қалдырмайтын «еркектердің» заманында арам затқа қарамау үшін көзін төмен түсірген мына сен – адамдардың тектісісің.
Сенің періштелер жазатын өзгеше резюмең бар.
Сен – шарапаттылықтың нышанысың!
Сен – жеңіске жеткен адамсың!
материал Аслан Орақбайдың «Хәл» кітабынан алынды,
ummet.kz