Көркем мінез – иманды еліктеушіліктен құтқарып, пікір меніс-әрекеттерге жөн беретін ихсан сезімін, яғни Алла Тағаланы көріп тұрғандай бір халді жүрекке орнықтырып, бойдағы бөлінбес әрі басым қасиетке айналдырып, осы дәстүр бойынша өмір сүру деген сөз.
Әбул-Хусәйн ән-Нури: «Тасаууф – түр де, ілім де емес, ол тек қана көркем мінез-құлық. Егер түр болса, күресумен, ал ілім болса, үйренумен қол жеткізілер еді. Сол себепті тек қана түр мен ілім мақсатқа жеткізбейді. Тасаууф – Хақ Тағаланың ахлағын жамылу» - деп оның ахлақпен ажырағысыз байланысына ишарат еткен.
Расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үлгілі өмірі тасаввуф деп аталмаса да, мәні мен ақиқаты жағынан көрініс тапқан. Көркем ахлақ дегеніміз Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ахлағын бойға сіңіру. Оның ахлағы Раббымыз тарапынан Құран Кәрімде: «Шүбәсіз сен жоғары ахлаққа иесің» ("Қалам" сүресі, 4-аят) деп қуатталып, мадақталған.
Хазіреті Айшадан (радиаллаһу анһа) Расулулланың ахлағын сұрағанда: «Оның ахлағы Құран еді» (Мүслим, Мусафирин 139) деген.
Құл Құранның ахлағымен безеніп, оның үкімдерімен дұрыс жолға бет алса, бейне бір жанды Құранға айналады. Құран Кәрімді мағынасына ой жүгіртіп оқу және үкімдеріне бойсұну, көркем ахлақтың шыңы. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбар болып жіберілгеннен бастап, қияметке дейін барлық заман мен барлық мекендерді нұрландыруға міндеттелген. Сондықтан Оның ең кішкентай істері болсын не ең жасырын жағдайы болсын барлық іс-қимылдары егжей-тегжейлі түрде сахих (нақты) риуаяттармен бізге жеткен және қияметке дейін де жетіп жалғаса бермек.
Пайғамбарымыздың өмірі зерттелген кезде, адамзаттың кәмілі және көркем ахлақтың шыңы - Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екендігі белгілі болады. Өйткені ол: «Мен басқа мақсатпен емес, тек көркем ахлақты толықтыру үшін жіберілдім» - (Имам Мәлік, Муатта, Хуснул-Хулқ 3) деп өз міндетін білдіріп, барлық адамзатқа «тамаша өнеге», яғни кәміл ахлақ үлгісі болғанын білдірген еді.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz