05
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Аллаға разы болу арқылы өз жұмағыңды жаса

Аллаға разы болу арқылы өз жұмағыңды жаса

Ислам тарихы

Жақсы өмір уақытқа немесе мекенге байланбайды.

Ғалымдардың бірі түрмеге қамалған кезде: «Жауларым маған не істей алады? Менің жұмағым кеудемде. Қайда барсам да, жұмағым менімен бірге, еш ажырамайды. Егер мені қамап қойса, ол – өз-өзіммен қалу, оқшаулану. Егер жер аударған болсам, бұл – мен үшін саяхат. Егер өлтірілетін болсам, шәһидтік дәрежеге жеткенім». Мен саған түрмеде отыр деп айтпаймын. Бірақ қайда жүрсең де, айналаңда қандай айғай-шу болса да, сенен ажырамайтын көкірегіңдегі жұмағың болсын. Ол сені сыртқы шуылдан оңашалап, тыныштығыңды арттырады.

Әр күніңде Аллаға разы болу арқылы өз жұмағыңды жаса. Ісіңді Аллаға тапсыр, оның үкіміне араласпа. Алла сені қай жерде тұрғызса, сол жерге барлық күшіңді сал. Бәлкім, жақсылықтың кілті сен тұрып жатқан аймақта орналасқан шығар? Алла біледі, біз білмейміз.

Аллаға сәжде еткенде оның берген сыйлығына шүкіршілік айт және ол сыйлықты Ибраһимнің әкесіне, Нұхтың баласына, Мұхаммедтің көкесіне бермеген. Алайда, Алла сен үшін осы дінді таңдаған. Шүкіршілігіңді арттыр.

материал Аслан Орақбайдың «Хәл» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: