05
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Жамағатпен намаз оқудың уәжіптігі

Жамағатпен намаз оқудың уәжіптігі

Ислам тарихы

Хасан Басриді (р.а.) анасы мейірбаншылық қылып, құптан намазын жамағатпен оқу үшін мешітке барудан қайтарыпты, сонда ол кісіге бой ұсынбапты.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағаланың хақы құрметі адамдарға «Отын жиыңдар!»,- деп бұйырсам, олар жияр, содан кейін «Намаз оқыңыз!»,- десем, бір кісі азан айтса, екіншісі имамдық қылса, сосын намазға келмеген кісілердің үйлеріне барып, үстінен от қойып жағып жіберсем, Аллаға ант етіп айтамын, жамағатпен бірге намаз оқымаққа келмеген сол кісілердің бірері бұл жерге (мешітке) келгенде пісірілген ет жейді десе, әлбетте, құфтанға келген болар еді»,- деді.

Асуад ибн Язид (р.а.) өз жамағатымен бірге намаз оқуға үлгермей қалса, басқа мешітке баратын еді.Әнас (р.а.) намаз оқып болғанда мешітке келді, содан соң және тәкбір айтып (басқа) жамағатпен бірге намаз оқыды.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Жамағатпен бірге оқылған намаздың сауабы жалғыз оқылған намаздың сауабынан жиырма жеті есе (дәрежесі) артық болады»,- деді.

Әбу Саъид әл-Худрий Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Жамағатпен бірге оқыған намаздың сауабы жалғыз оқыған намаздың сауабынан жиырма бес мәрте артық»,- дегенін естігенмін»,-деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Кісінің жамағатпен оқыған намазының сауабы, үйде жалғыз өзі оқыған намаздың және базарда оқыған намаздың сауабынан жиырма бес мәрте дәрежесі артық болады . Бұл сауапқа кісі жақсылап дәрет алып, үйден мешітке тек намаз оқимын деген ниетте шықса ғана жетуі мүмкін. Сол ниетпен басқан әрбір қадамын көтеріп үлгерместен, Алла тағала оның мәртебесін бір дәрежеге көтеріп, бір күнәсін кешірер. Намаз оқып жатқанда болса, періштелер оның жоғарысында: «Иләһи, бұл пендеңді жарылқағайсын, бұл пендеңе рахым еткейсің!»,- деп дұға қылып тұрар. Қайсы біріңіз намаз оқимын, деп күтіп тұрған болсаңыз, намаз оқып жатқан болып есептелесіз!»,- деді.

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: