15
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қидам – Алла ежелден бар, бар болуының бастамасы жоқ

Қидам – Алла ежелден бар, бар болуының бастамасы жоқ

Ислам тарихы

Алла Тағаланың бар болуының басы жоқ. «Өткен», «Осы», «Келер» шақ сияқты уақыт, мезгіл ұғымдары Алла құзырында жоқ.

Өйткені, уақыт пен мезгілді Ол жаратқан және уақыт пен мезгіл жаратылмай тұрып та, Ол үнемі бар еді. Аятта былай деп баяндалады: «Ол Алла әуелгі әрі соңғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі мәңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші» ("Хадид" сүресі, 3-аят).

Бәқа – Алла мәңгі-бақи Алла Тағала мәңгі-бақи. Оның бастамасы жоқ, бар болуының соңы да жоқ. Ал, барлық жаратылыс жойылады, жоқ болады, олар мәңгі емес. Аятта былай делінген: «Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббың өзі ғана қалады» ("Рахман" сүресі, 27-аят).

Мухалафатун лил-хауадис – Алла ешнәрсеге ұқсамайды Алла Тағала өзінің есім, сипат және іс-әрекеттерінде ешнәрсеге ұқсамайды. Көзіміз, ой-пікіріміз және қиялымызбен Оның қандай екенін ұғыну мүмкін емес. Қалай ойласақ та, Ол сол ойымыздағы нәрсеге ұқсамайды, әрі Ол ұлылық иесі. Мезгіл-мекен мен
бағыт Оған тән емес және оларға мұқтаж емес. Қасиетті аяттарда былай дейді: «...Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық көруші» ("Шура" сүресі, 11-аят). «Өйткені Алла, олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Басқалар оны толық білмейді» ("Таһа" сүресі, 110-аят).

Қиям би-нәфсиһи – Алла өздігінен бар Алла Тағала өздігінен бар, бар болуында да ештеңеге мұқтаж емес. "Ықылас" сүресінде Алланың «Самад» есімі аталып өтіледі. Ал, бұл есім «Ол ештеңеге мұқтаж емес, керісінше барлық нәрсе Оған мұқтаж» деген мағынаны білдіреді.

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: