15
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жындар ғайыптан хабар бере ала ма?

Жындар ғайыптан хабар бере ала ма?

Ислам тарихы

Сұрақ: Жындар ғайыптан хабар бере ала ма?

Жауап: Ғайып, Алла Тағаланың адамдарға еш хабар бермеген құпия нәрселері.  Ғайыпты білетіндерін айтатын көріпкел және палшыларға сенуге болмайды. Құран Кәрімде: «Айт: Көктер мен жердегі ешкім келешекті білмейді, тек қана Алла біледі. Олар қашан қайта тірілулерін де сезе алмайды» ("Нәміл" сүресі, 65-аят). Жындар ғайыпты білмейді. Бірақ мына нәрсеге мұқият болғанымыз жөн. Кейбір адамдар жындар- мен байланыс құрғандығын және олардан кейбір мәліметтер алғандығын айтып жатады. Бұл жайт олардың ғайыпты білетіндіктерін көрсетпейді. Жын-шайтандар тек қана Алла Тағаланың білдіргенін ғана адам баласына жеткізеді.

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: