Сұрақ: Жаман ырымға (сәтсіздікке) сенудің үкімі не?
Жауап: Жаман ырым деген нәрсе жоқ. Хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жаман ырым шірк (яғни Аллаға серік қосу)», - деген (Тирмизи). Онда жаман ырымның кәффараты не деп сұрады. Сонда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай бұйырған: «Аллам Сенің қайырыңнан (жақсылығыңнан) басқа қайыр жоқ. Сенің тағдырыңнан басқа тағдыр жок. Сенен басқа (ешқандай) жаратқан жоқ деп айтуың» деген.
Уруа ибн Амир (р.а.): «Бір күні Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәжілісінде жақсы-жаман ырымдарға қатысты әңгіме қозғалған еді. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ең абзалы – жақсылыққа жору, сондықтан жаман ырым еш уақытта мұсылманды алған бетінен қайтармасын. Қайсыбірің көңіліне жақпайтын қандай да бір нәрсе (құбылыс) көрсе: «Уа, Алла тағалам! Жақсылық атаулының барлығы бір Өзіңнен ғана келеді. Сондай-ақ, жамандық атаулыға бір Өзің ғана тосқауыл бола аласың. Нағыз құдірет Саған ғана тән әрі бізге күш-қуат беретін де бір Өзіңсің», – деп дұға етсін», – деп айтты» – деген (Әбу Дәуіт, тыб 24).
Әнәс (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла қаламаса, жұқпалы ауру да басқаға жұқпайды. Сондайақ, құстардың ұшып өткені жамандықтың нышаны емес. Мен жақсы жоралғыны278 ұнатамын», – дегенде жанындағы сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! «Жақсы жоралғы» дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «(Жақсы жоралғы дегенім жүрекке жылу ұялатып, үміт отын жағатын) жақсы сөз», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, тыб 19; Муслим, сәләм 102).
Түсініктеме: Исламнан бұрынғы надандық дәуіріндегі араб қоғамында түрлі ырымдар мен нышандарға деген сенім кеңінен тараған болатын. Мысалға, арабтар құстардың ұшуына қарап жақсыжаман пайымдар мен жорамалдар жасайтын болған. Ғалымдар бұл хадистегі ит сатуға қатысты салынған тыйымды адамдардың қажетіне жарамайтын, яғни, аңшылықта, күзетте немесе әскери мақсатта қолданылмайтын иттерді сатуға немесе сатып алуға болмайды деп түсіндірген. Өйткені, ит қой, сиыр және т.б. да үй жануарлары секілді адамдарға адал жолмен табыс әкелмейді. Яғни, жақсылыққа жорығанды, келешекке үмітпен қарағанды ұнатамын. 600 Риядус-салихин Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірлік ұстанымы – әрдайым жамандықты ойлап, әр нәрседен сескеніп, қайғы-мұңға салына беру емес. Керісінше, әрқашан қандай жағдай болмасын оны жақсылыққа жорып, оптимист болу. Бұл хадистегі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «жақсы сөз» дегені әрдайым жақсы сөз айтып, алдағы күннен тек қана жақсылық күту.
материал «Иман негіздері» кітабынан алынды,
ummet.kz