Нұғман ибн Бәшир (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Аллаға ант етіп айтамын, саптарыңды дұрыстамасаңдар, Алла Тағала жүректеріңді бір-біріңе қарама-қарсы қылып қояды!»,- деді. Әнас (р.а.) риуаят етті: «Намазға тәкбір айтылды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге бұрылып қарады да: «Саптарыңды туралаңдар, бір-біріңе жақынырақ тұрыңдар мен сендерді алды жағыма қарап тұрып та көремін!»,- деді.
Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер ол рүкүғ қылса, сіздер де рүкүғ қылыңыз, егер «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкалхамд»,- деп айтыңыз. Егер сәжде қылса, сәжде қылыңдар, егерде отырып оқыса, сендер де отырып оқыңдар! Намазда сапты дұрыстаңдар, өйткені саптың түзу болуы – намаздың дұрыстығы!»,- деді.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz