08
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Өлімді біле тұра, күлген адамға таңданамын

Өлімді біле тұра, күлген адамға таңданамын

Ислам тарихы

Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) дуалдың астынан табылған қазына хақында мынаны айтады:

«Қазына – алтыннан жасалып, үстіне ғибратты сөз жазылған бұйым еді. Онда мына жеті жол жазылған еді:

1. Өлімді біле тұра, күлген адамға таңданамын.

2. Дүниенің фәни екенін біле тұра, оған талаптанушыға таңданамын.

3. Барлық нәрсенің тағдырмен белгіленгенін біле тұра, қолдан шыққан нәрсеге қайғырған адамға таңданамын.

4. Есепке тартылатынын біле тұра, мал жинаған адамға таңданамын.

5. Жәһәннәм отын біле тұра, күнә істеген адамға таңым бар.

6. Алланы нақты білсе де, Одан басқаны мадақтаған адамға таңданамын.

7. Жәннатты нақты біле тұра, дүниеде рахаттан үміт еткен адамға және шайтанның дұшпан екенін біле тұра, оған бас иген адамға таңданамын» (Ибн Хажер әл-Асқалани, Мүнәббихат 29).

Және осы қиссада ишари мағынамен, Хазіреті Мұса мен Қызырдың (аләйһиссәләм) кездескені екі теңіздің қосылған жері дегені, сыртқы ілімде Хазіреті Мұсаның, ішкі ілімде Қызырдың (аләйһиссәләм) терең теңізге балануы еді.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: