12
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

«Шындығында, мал-мүліктерің мен балаларың – сынақ»

«Шындығында, мал-мүліктерің мен балаларың – сынақ»

Ислам тарихы

Біреу байлығы үшін дінінен айырылып жатады. Біреу баласының жағдайы үшін харамға барып қояды Алла Тағала Құранда былай дейді: 

«Шындығында, мал-мүліктерің мен балаларың – сынақ». Адам баласы өмір бойы екі нәрсенің соңынан жүгіреді: байлық пен ұрпақ. Қолыңа дүние тисе – соны көбейткің келеді, балаң болса – соның амандығы үшін барын бергің келеді. Бірақ Алла бізге ескертеді: «Бұл екеуі де – сынақ» деп.

Демек, байлық сенің еркіндігің емес – сынағың. Балалар да сенің тек қуанышың емес – сынағың. Малмүлік саған берілді ме – оны қалай жұмсайсың, адал жолға ма әлде харам жолға ма? Балалар берілді ме – сен оларды қалай тәрбиелейсің, иманға бастайсың ба, әлде дүниеге құмарттырасың ба?

Қызығы сол, біз көбіне байлық пен баланы ең үлкен нығмет деп ойлаймыз. Ал Алла оларды ең үлкен емтихан деп атады. Неге? Өйткені адамның жүрегін осы екеуі қатты байлайды. Біреу байлығы үшін дінінен айырылып жатады. Біреу баласының жағдайы үшін харамға барып қояды.

Сондықтан Раббымыз бізді ескертті: «Амал ет, бірақ сынақ екенін ұмытпа». Байлығың – қолыңда, жүрегіңде емес. Балаң – Алланың аманаты, иесі сен емессің. Нағыз даналық – осы екеуін сынақ екенін біліп, дұрыс пайдалана білу.

Кейбір адамдар таңнан кешке дейін Алладан сынағының көбеюін сұрап жатады. Сондықтан дұға еткенде «Я, Алла, қайыр бер» деп айтуды ұмытпаңыз.

материал Нұрбол Рахматилланың «Стамбулдағы тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: