07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

«Кімнің амал дәптерінде истиғфар болса – бақытты адам»

«Кімнің амал дәптерінде истиғфар болса – бақытты адам»

Ислам тарихы

Адамзат баласының қайсы қауымына жіберілген пайғамбар болсын, олар әртүрлі кітаппен, әртүрлі қауымға, әр заманда жіберілсе де шариғаттары бір еді. Хақ дінге уағыздап, Жаратушы Жалғыз Аллаға ғана сеніп ғибадат жасауға шақырды.

Сол расулдар мен нәбилер адасқан қауымына ең алдымен Алла хақысында ілімді уағыздады. Табынған құдайлары тек қолдан жасалған еш нәрсені естімейді, көрмейді, білмейді екенін түсіндірді. Райларынан қайтарып ақиқат дінмен қарсы алып, иман нұрымен жүректерін тазалады. Өткен надандық дәуіріндегі қателіктері мен күнәлары үшін Алладан кешірім тілеуге, ендігәрі ол ақымақтықтарға бармауға шақырды. Истиғфар міне осылайша шын тәубе еттім, бұл күнәларды тәрк еттім деген мойынсұнушы мүмін үмметтің қай заман болсын істеп отырған ізгі амалы болатын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ізімен жүрген саңлақтар қашанда истиғфарды күнделікті ғибадаттарына айландырған. Жаһилияттағы күнәларын тастағалы қанша дәуір өтседағы, бұл хайырлы амалда тұрақты бола білді. Себебі, истиғфар тәубені одан ары нығайта түспек. Біздің ғасырымыз б е н салыстырғанда не өзгерген. Алтын ғасырдың ізгі жандары күнә істесін, істемесін тұрақты да үздіксіз амал етер ғибадат болды. Ал біздің қазірлері ше, тек Алланы сынақ басқа түссе ғана не болмаса шошына түс көрсе, жол апатына ұшыраса, жақындарынан айырылса ғана істелінетін керегі біткен іс көреді. Егер пенде сау кезінде де Алланы танып еске алуда, тілі мен ділі қоса истиғфар, зікір, салауатта болса, онда қиын халге түскенде де Раббысы оған мархаметін жайып, сынағынан шалындырмай өткізеді.

Ал сынақтардан сүрінбей сәтті өтіп, осы ғұмырын дұрыс пайдаланған инсанды қандай шарапатты сый күтіп тұрғанын жақсы білесіздер! Бұл жолда үлгі тұтар ардақтымыз Мұхаммед Мұстафа. Ол кісі жоғарыларда айтқанымыздай-ақ, пайғамбар бола тұра күнә қателікке барып қоймадым ба деп Алла ол кісіні күнәдан қорғап қойсадағы әр күні 70 яки болмаса 100 реттен аса Алладан кешірім тілейтін. Бұл нағыз шүкіршіл құлдың үмметке үлгі көркем ғибадат үлгісі. Ол ғана емес, түндерде балтыры ісіп кеткенде де тікеден-тік қиямда тұрып, түнгі құлшылықтарды оқитын. Таһаджудті өзіне міндет қылғандай-ақ түнгі уақытын үмметін Алла кешіруге, оларды тозақ отынан сақтау үшін арнады. Оны көрген сахабалар «Я, Расулалла! Неліктен мұнша ғибадат қыласыз?» дейтін. Расуліміз (с.ғ.с) болса, бұл Раббыма деген шүкіршіл құл болғаным, үмметіме деген Алланың кешірімін, жәннатын сұраған дұғам деп ғана жауап қайтаратын. Хадистерден бізге истиғфар жайлы риуаяттар мен оның түрлері бізге жеткен.

Тіпті кейбіреулері ұлтымызға сіңіп, өркениетімізбен біте қайнасып мәшһүр болып кеткен. Ол истиғфарлардың әрқайсысының осы әрі ахиреттік пайдасы көл-көсір. Қайсы түрі болмасын абзалдығы мен жеке пайдалары ұшан-теңіз. Құран аяттары мен хадистер арқылы бізден алдыңғы қауымдарға жіберілген пайғамбарлардың айтқан истиғфарлары да жеткен. Бізге, қияметке дейінгі келер үммет буынына толассыз пайда, жәрдемі болғандықтан олар өнеге ретінде келтірілуде. Бәлкім санасы бар ақыл иелері түсініп қалар деп ғибрат ретінде келген. Алдыда истиғфар жайлы хадистерімізде не делінген, соларға назар аударсақ! Әбу Һурайра (р.а) жеткізген риуаятта: Алла елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Алланың атымен ант етемін! Мен күніне жетпістен астам Алладан кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін.» Кей риуаятта «100 рет» деп келеді.

материал «Истиғфар - рахмет есігі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: