Күнә жасап қойған болсаң, онда былай жаса: ешқашан үмітіңді үзбе. Дәрет алып, екі рәкәғат намаз оқу арқылы тәубе ет.
Күнә жасаған қолдарыңа кешірім тіле. Харамға қараған көзіңмен құран оқы. Тәубе етушілердің көз жасы бойұсынушылардың құлшылығымен тең. Өзің Ғафур (кешірімді) деп атаған Алла сенің оған қайтып келуіңді қалайды.
Үрей билеген жанды тыныштандыратын кім? Жаны құлазып келгенді кім жұбатады? Көмек сұрап келгенге кім жәрдем береді? Қайғыға батқанды кім шаттандырады? Адасқан жанға жолды кім сілтейді? Дұға қабыл болатын уақыттарды аңды.
Түннің үштен бір бөлігінде оған қарай бет ал. Ұшқан жебе көзделген нысанаға жетпей қоймайды. Раббыңа сен. Себебі оған жайылған бос қолдарың ешқашан бос қайтпайды. Бәрінен алдын ішкен асың адал болсын. Сахаба Са’д ибн Әбу Уаккас бірде Пайғамбарымызға өзінің дұғаларының қабыл болмай жатқанын айтады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз оған: “Әй, Са’д! Сенің дұғаң қабыл болуы үшін астың адалын ал”.
материал «Құран хат» кітабынан алынды,
ummet.kz