«Сен үнемі кешірімділік жолын ұстан, жақсылыққа дәріпте!» («Ағраф» сүресі 119-аят)
Тасаууфта иршадтың мәнісін түсінгендей, тәсілінің маңыздылығын да жақсы түсінген кәміл-мүршидтер бұл мәселеде де пайғамбар ізімен жүріп, қаншама һидаяттарға себеп болған. Дәруіштердің рухани тәрбиеде өрлеуі үшін оларға мейірім, сүйіспеншілікпен қарауды өзіне қағида еткен. Осылайша пайдалы нәтижелерге қол жеткізіп отырған. Алла достарының өмірі сол жәйтпен байланысты мыңдаған мысалға толы. Бұл жайлы ұлы мұтасаввуф Ибраһим Хаққы Ерзуруми Хазіретінің мына бір қиссасы өте ғибратты:
Рамазан айында уағыз-насихат айтуға Ерзурумның бір ауылына шақырылған Ибраһим Хаққы Хазіретін алып келу үшін жалдамалы мұсылман емес бір қызметші мен бір ат жіберіледі. Сөйтіп олар жолға шығады. Бірақ, ат біреу-ақ болғандықтан Хазіреті Ибраһим Хаққы Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) Құдысқа барғанда құлы екеуі бір түйеге қалай кезектесе мінгендігі жайындағы жақсы тәсілін қолданды. Қызметші оған: «Ауылдағылар бұл жағдайды естісе, маған ұрсады. Ақымды да бермей қояды!» - деп, қарсылық білдіргенімен Хазірет: «Балам, соңғы демде халіміздің қандай болары белгісіз! Сен ауылдағылардың өзіңе ұрысатынын ойлап қорқып жатырсың. Ал мен болсам, Алла алдында беретін үлкен есептен қорқып тұрмын!» - деп атқа кезектесе мінеміз деп шешті. Алланың хикметімен дәл ауылға кіретін кезде тура Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) мысалындағыдай, атқа міну кезегі қызметшіге келіп қалады.
Ауылдағылардан қорыққан қызметші кезектен бас тартып, атқа Хазіреттің мінуін сұрап тұрып алса да, Ибраһим Хаққы Хазіреті: «Кезек сенікі!» - деп аттың алдына түсіп алып ауылға кіріп келеді. Халық бұл жағдайды көріп, дереу қызметшіні айнала қоршап: «Ой, көргенсіз! Жап-жас бола тұра атқа мініп, мына ақсақалды қарт ұстазды жаяу жүргізгенін қарашы ә! Сенің сенімділігің осы ма еді?! Біз саған осылай деп пе едік ?!» - деп әртүрлі сөздер айтып, ұрса бастайды. Сол кезде, Ибраһим Хаққы Хазірет мәселені түсіндіріп, ұрысқандарды жөнге шақырып тоқтатады. Сол сәтте ауылдастың біреуі мұсылман емес қызметшіге былай дейді: «Ей, азамат! Осыншама парасаттылықты көріп, бастан кешірдің! Енді мұсылман болсаңшы!» - дейді. Қызметші сәл уақыт үнсіздіктен кейін сол жердегілерге: «Егер сендер діндеріңе шақырып тұрсаңдар, онда ешқашан кірмеймін! Бірақ, мына мүбәрәк адамның дініне шақырсаңдар, ол дінге баған жолда келе жатқанда-ақ иман еткенмін!» - дейді. Көңілі тұңғиық Хақ Тағала досы тарапынан көрініс тапқан бұл мысал һидаят пен рахмет тәсілін айқын көрсетеді. Бұл – адамға, жадында оның негізіне (ішіне) қарай отырып әсер ету. Бір сөзбен айтқанда, жаратылғанға Жаратқанның көзімен қарай білу. Сол үшін ізгі көңілді пірлер адамзатқа Алла Тағаланың жер бетіндегі «халифасы» болу абыройы берілгендігін және оған аятта айтылғандай, Раббтың: «Өз рухынан (құдіретінен бір сыр) үрлегендігін» түсінген жандар. Олар адам күнәлармен қаншалықты кірленсе де, құлдың негізіндегі кемелдікке қарап, одан теріс айналмайды. Адамнан оңайлықпен үміт үзе қоймайды.
Сонымен бірге оның да үмітін жоғалтпауын қамтамасыз етеді. Бұл расында жоққа шығаруға болмайтын ақли және сезімдік себеп. Сондай-ақ, Алла Тағала Құран Кәрімде бізге ең көп «Рахман және Рахим» есімдерін алға шығарып ұсынған. Тіпті, «мейірімі барлық жаратылысты қамтыған» деген мағынадағы «әр-Рахман» атты бір сүре түсіріп, оның алғашқы аятын «әрРахман» - деп бастаған. Бұл жөнінен адамға көңілдің осы терезесінен, яғни, һидаят пен рахмет тұрғысынан қарауда иләһи ризашылыққа ең лайықты және нәтижесі жөнінен аса берекетті, адамда жасырын түрде орын алған пәк қасиеттерді жетілдіретін ерекшелік бар. Өйткені, бұл тәсіл ұстанушыны да, тәсіл өзіне қолданылғанды да, яғни, екі жақты да ерекше пәктік, кемелдік, сүйіспеншілік және Хақ Тағалаға бет бұру қасиеттеріне ие ететін сипатта.
Бұл тәсіл Яссауиді – Яссауи, Юнусты – Юнус, Мәуләнәні – Мәуләнә еткен дәрмек және рухани өліп бара жатқан қаншама науқас рухтарға абыл хаят (тіршілік суы) іспеттес. Сол үшін тасаууфты ұстағанда болсын, Ислами тәблиғда (уағыздау) болсын осы рахмет пен һидаят тәсілін қолдану әрқашан үлкен мәнге ие болған. Анатолияның әлеуметтік құрылымы монғол шапқыншылығымен шайқалып, астаң-кестеңі шыққан дәуірінде өмір сүрген Мәулана мен Юнус Әмрә Хазіреті сияқты ұлы мұтасаууфтар бейне бейбітшілік, тыныштық пен шаттықтың көзі болып, қиналған адамдарға, қанаған жараларға, шаршаған көңілдерге шипа мен жұбаныш сыйлағаны – тарихи ақиқат. Олар қаншама ғапылдарды «құтқаруын күткен науқас» деп санап, қарым-қатынастарында «өштік пен жиіркеніштен» үнемі аулақ болған.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz