Біз ұмыт қалдырған құндылықтың бірі – жүрекпен кеңесу. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде былай деп жол көрсеткен еді: «Жүрегіңе құлақ сал! Жақсылық – жүректің сол бір нәрседе тыныштық табуы». (Ахмад)
Жүрегіңді тыңда, ішкі даусыңа да құлақ сал. Бұл дүние – мәңгілік тұрақ емес, тек өткінші бір мекен. Жалқаулық пен еріншектікке бой алдыратын емес, еңбек пен жақсылық жасайтын орын. Бұл өмір – өткінші, ал ақырет – мәңгілік. Сондықтан мәңгілік мекеніңе дайындықты осы дүниеден баста. Алла Тағала Құранда: «Ақырет мекені тақуа адамдар үшін әлдеқайда жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» – деген. («Юсуф» сүресі, 109-аят).
«Расында, шынайы бақытты жан – өзінің амал дәптерін ізгі істермен толтырған адам екен ғой», – деп ойлаймын.. Ал менің дәптерім неге толып жатыр екен? Мен алға қарай жылжып бара жатырмын ба, әлде кері кетіп барамын ба? Алланың құзырында менің салмағым қандай? Өзімді есепке тартып, ойланамын. Күндер көз ілеспес жылдамдықпен зымырап жатыр. Ал бізде қалатыны тек ізгі амалдарымыз ғана. Дүниенің сынағы бізді шыр айналдыруда. Ал оқиғалар бізді айналып өтіп жатыр. Ал біздің алдымызда ажалға асығып бара жатқан жандар... «Аллаға қарай жүгірумен болыңдар! Расында, мен сендерге Одан келген айқын ескертушімін» («Зәрият» сүресі, 50-аят).
материал Нұрбол Рахматилланың «Стамбулдағы тәфәккур» кітабынан алынды,
ummet.kz