Алланың разылығына бөленуді жан-тәнімен қалап және көкіректеріндегі иманды мықтап бекіту үшін дүние-мүлкін (игі жолда) жұмсайтындардың мысалы бейне бір биік жерде орналасқан әдемі бау-бақша тәрізді.
Ол бақшаға мол жауын жауса, екі есе артық өнім береді. Тіпті мол жауын жаумаса да, сіркіреп жауған азғантай жауынның, аз ғана ылғалдың (немесе шықтың) өзі оған жетеді. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көріп тұрады. ("Бақара" сүресі, 265-ші аят)
Дүние-мүліктерін Алланың разылығын іздеп игі жолда жұмсайтын, сонымен қатар нәпсілерін тәрбиелеп, бұйысұнуда тұрақты болған, жамандықты тәрк еткендердің мысалы. Олар биік жерлерде орласқан жайқалған бау-бақша секілді. Оған мол жауын жауып, екі есе жемістер береді. Тіпті ол бақшаларға сіркіреген жауын жаумаса да, аздаған ылғалмен де еселеп жеміс береді. Бұл бақшаға көп не аз жаңбыр жауса да, құнарлы, тамыры берік, өсіп-өніп, жемісін береді. Сол секілді ықылысаты мүміндердің жасаған амалдары мейлі көп болсын, мейлі аз болсын Алланың алдында көбейе береді. Өйткені олардың ықластары Алланың алдында амалдарын еселеп өсіре береді.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz