07
Жұма,
Қараша

һижри

Ғайбаттан адамды қашыратын мысал

Ғайбаттан адамды қашыратын мысал

Ислам тарихы

"Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді" ("Хужурат" сүресі, 12-ші аят)

Аллаға шынайы сенген құлдарым. Түгелдей дерлік біріңнен-бірі және иман келтіргендер жайлы жаман ой ойлаудан, күмәнданудан сақ болыңдар. Негізсіз пайда болған осындай ойларың ешқандай дәлелге, арқасүйер белгіге негізделмеген. Ол тек қана араларыңда өзара күмәнмен араздатушылық тудыратын ойлар. Шын мәнінде сендердің көптеген күмәндарың күнәға тап болуларыңа себепкер. Шамаларың келгенше одан алшақтауға тырысыңыздар.

Мұсылман бауырыңның қатесін іздеп, артын аңды ма. Артынан сөз сөйлеп бір-бірлеріңді ғайбаттамаңдар. Себебі бауырыңды кемшілігін айтатын болсаң, тіпті ол кемшілік бауырыңның бойында болса да сол ғайбат болады. Ол өте желкенішті. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Алла Тағала ғайбаттауды өлген бауырыңның етін жеумен тең қылып қойды. Қалайша біз өлексені көрсек, табиғатымыз қабыл етпей жеуден бас тартқанымыз сияқты әсіресе егер бауырың болса тура солай біреуді ғайбаттаудан қашуымыз керек.

Алланың бұйрықтарына табандылық танытып, тыйымдарына бекемдік таныта алу маңызды. Алла шынайы тәубе еткен мүмін құлдарының тәубесін қабыл етеді. Себебі Алла құлдары үшін ерекше мейрімі.

материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: