«Біліп қойыңдар! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән ғана. Өзара мақтанысу, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейтудің жарысы.Бейне бір өсірген өсімдігімен егіншілерді таңқалдыратын жаңбыр сияқты.Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің.Содан кейін үгінді болады. Дүние тіршілігі де сол сияқты.Ал ақыретте (кәпірлер үшін) қатты азап, (мүминдар үшін) Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе де емес» ("Хадид" сүресі, 20-шы аят)
Ей, адам баласы біліп қойыңдар бұл дүние тек қана ойын-күлкі және салтанат құрып көңіл көтеру. Адам денесі әрдайым бос ойынға құмар болса, жүректер көңіл көтеріп салтанат құруға әуес. Бұл дүние адамға әсем болып безендірілген. Өзара бақталас және мақтану, Кейде малдың көптігімен, кейде бала- шағаның көптігімен. Қазіргі біздің қоғамдағы оқырмандардың көптігі, қаралымның көптігі әр қоғамда да, әр заманда да адамдардың өзара жарысатын заттар болады. Оның мысалы нөсерлетіп жауған жаңбырдың себебінен жайқалып-жайнап, шыққан егіншілерді таңқалдырған өсімдіктер секілді. Уақыт өте әлгі қызылды- жасылды болып адамның көзжанарын алатын құлпырып тұрған өсімдіктер қурайды. Жап-жасыл болып жайнап тұрған өсімдіктің сарғыш түске ауысқанын байқайсың. Түкке тұрғысыз майда, қураған сәл жел соқса қалаған жағына ұшырып алып кететін күйге түседі. Ал қиямет болғанда Аллаға себеген адамдар үшін жантүршігерлік азап, ал иман келтіріп ізгі іс істегендерде Алланың кешірімімен ризашылығы болады. Сол себепті ақіретті ұмытып бүкіл жанымен осы дүние үшін өмір сүретін адамдар әртүрлі көңіл қалауларына толы алдамшы ғана бір зат. Оған адамның көңіл қалауы ешқашан тоймайды. Адамды уақыт өте өзіне баурай береді.Көпшілік жиғанына қызығып жүріп ,оның уақытша екенін ұмытып кетеді.Раушан гүл қаншалықты әдемі болса да, оның да уақыты келгенде солып, көркемділігінен айырылатыны сөзсіз.
Ескерту. Осы аят арқылы Алла Тағала дүние тіршілігіне оның көптігіне, бала-шағаға арқа сүйеп Алланың алдындағы парыздарын ұмытатын адамдарға ескерту жасалуда. Сонымен қатар бұл аят дүние тіршілігін істеме деген сөз емес. Жаратушының алдындағы, отбасымыздың алдындағы, қоғам алдындағы міндет бізге дүние тіршілігін істеуге міндеттейді. Ең бастысы тапқан дүниеміз Алладан алыстатпай керісінше жақындатса сонда мақтауға ие болады.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz