"Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды." ("Нахл" сүресі, 92-ші аят)
Берген сертпен уәденің бұзудың нашар екені жайлы Алла мысал келтіреді. Ей, иман келтіргендер берен серттеріңе берік болыңдар. Уәде берсеңдер оны орындаңдар да әлгі ақымақ әйелге ұқсамаңдар. Әлгі әйел бекем болған тоқыма тоқиды. Кейіннен еңбек етіп тоқыған киімін жібере салады. Келесі жолы ол жіпті ешбір байламастан бос жіберіп қояды оны бос жібергеннен ешқандай пайда алмайды.
Жеңіл ақылмен ойының тарлығы әйелге ұқсаудан сақ болыңдар. Ант ішіп, уәде беріп сол арқылы өздеріңнің мақсаттарыңа қол жеткізуді көздеп артық мал, артық дүние жинаймын деп көп ант ішуден сақ болыңдар. Алла қайсыларың берген анттарыңды орындайды , қайсы елемейді соларды білу үшін сынайды. Қияметте Аллаға және пайғамбарға қатысты болған араларыңда орын алған қайшылықтардың барлығын ашықтап береді.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz