07
Жұма,
Қараша

һижри

Аллаға иман келтірген адамның жүрегінің сипаты

Аллаға иман келтірген адамның жүрегінің сипаты

Ислам тарихы

"Алла Тағала көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші..." ("Нұр сүресі, 35-ші аят)

Алла Тағала нұр. Оның нұрымен аспанмен жердегілер жарыққа бөленген. Адамдарды тура жолға жетелейтін мүминнің жүрегіндегі иман, Құранның мысалы ішінде жарық бар қабырғаның қуысында шам ілуге арналған құрылғы (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Осы қуысқа келіп әйнек шишасы бар үлкен шам ілінеді. Әлгі әйнектің тазалығымен көркемдігінен жанған шам бейне бір жарқырап жайнап тұрған жұлдыз сынды көрінеді. Ол шамның өзі орасан пайдасы көп берекелі зәйтүн ағашының майымен тұтанады. Ол тек қана белгілі мекенге, тарапқа ,тиесілі емес. Бәлки әрдайым күн тарапына ұмтылып тұрады. Не шығыс болсын, не батыс болсын, не екеуінің ортасы болсын ешқандай мекенмен шектелмейді. Зәйтүн майының тазалығының қуаттылығы сонша әлгі от тимесе де өзі тұтанып жануға дайын. Зәйтүннен шығатын нұр, оттан шағылысып пайда болатын нұр Алла қалаған адамын өзінің нұрына салып оған жүрегіне иман ұялатып ізгі іс істеуге мүмкіндік береді.

Осы аятта меңзелген зәйтүн майы ол адамның табиғи болмысы (фитраты). Себебі адам табиғаты жаратушы жайлы ілім үйренуге, қабылдауға және ізгі істер істеуге дайын. Егер оған келіп иманмен ілім қосылатын болса жүрегінде әлгі нұрдың ұшқыны тұтана бастайды. Ол әлгі шамның жан-жағына жарық шашып жанғаны секілді. Жүректің арам ойдан ада болуы, жаратқан жайлы дұрыс түсінікте болған жүрекке иман келсе өте кең аумақты қамтыған нұр болады. Себебі жүректің әртүрлі қате пікірлермен күмәннан таза. Бұл жоғарыда атап өткен әйнек шишаның көрінісі. Осылайша адамға табиғатының тазалығының нұры, иманның нұры, ілімнің нұры, танымның тазылығы қосылып нұрдың үстіне нұр болады. 

материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: