14
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Әділдік – әр нығметті лайықты орнына қою

Әділдік – әр нығметті лайықты орнына қою

Ислам тарихы

- Әділдік деген не?

- Ағаштарды суғару.

- Әділетсіздік ше?

- Тікендерді суғару...

Әділдік – әр нығметті лайықты орнына қою деген сөз. Су ішетін әр дәнді суғару деген сөз емес...

Әділетсіздік - бір нәрсені өз орнымен қолданбау, оны лайықты емес жерге қою дегенді білдіреді. Бұл болса, тек залалға себеп...

Бір яһуди Әли ибн Әби Талибтің үстінен шағымданып, Омар ибн әл-Хаттабқа келеді. Әли Омардың алдына келіп отырғанда, Омар: «Уа, Әбу әл-Хасан! Тұр да, қарсыласыңның жанына барып отыр»,– дейді. Али айтқанын орындайды. Мұсылмандардың әміршісі Әлидің жүзінен ашу мен қобалжу белгілерін байқайды. Дегенмен қазылық біткенге дейін байқамаған сыңай танытады. Сосын Алиге: «Уа, Али, қарсыласыңмен бірге қойғанымды ұнатпай қалдың ба?» – дейді. Сонда Әли: «Жоқ, менің қобалжу себебім, сен мені кунияммен (Әбу әл-Хасан деп) шақырып, қарсыласымды олай шақырмай, екеумізге тең қарамадың. Содан яһудидің мұсылмандардың арасында әділдік жоғалған екен деп ойлап қалуынан қорықтым»,– деген. Өйткені, Омардың Әлиді «Уа, Әбу әл-Хасан!»,– деп шақырғаны секілді, арабтарда куниямен, яғни «пәленшенің әкесі» деп шақыру, сол кісіге деген құрметтің белгісі болып табылған екен!

Бізге жеткен хадистердің бірінде: « Қазы (судия) үш түрлі, екеуі тозақта, біреуі ғана жәннатта: бір қазы ақиқатты білді және сонымен үкім шығарды, ол жәннатта. Екіншісі адамдарға білімсіздікпен үкім шығарды, ол тозақта. Үшіншісі үкімде біле тұра зұлымдық етті, ол да тозақта» (Тирмизи). Ал, бітімге келгендегі әділдік жөнінде Алла Тағала: «Екі топтың арасын әділ түрде жарастырыңдар һәм әркез қара қылды қақ жарғандай тура болыңдар. Өйткені Алла турашылдарды жақсы көреді!» деген (Хужурат, 9).

материал «Көңіл сұлтаны» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: