07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Құраннан бет бұрып қашқан мүшріктердің мысалы

Құраннан бет бұрып қашқан мүшріктердің мысалы

Ислам тарихы

"Ал оларға насихаттан һәм Құраннан теріс айналып жалтаратын не болды? (49) Олар мүлде үріккен құлан(жабайы есек) сияқты, (50) Үркіп арыстаннан қашқан… (51) ("Мудассир" сүресі)

Пайғамбар алып келген Құраннанан оларға (әлгі бұзақылараға, екіжүзділерге ол жерге кім барып келіпті т.б) бет бұруға не себеп болды. Олар соңғы сәттеріне дейін қасарысып Құран ескерттпелеріне, бұйрықтарымен тыйымдарына селқос қарап. Ішіндегі мағыналарымен, ғибраттары жайлы терең ой жүгіртпей үстіртін өтуде. Олардың соншалықты Құраннан бет бұруы ормандағы арыстанмен жабайы есек(зебра) ұқсайды. Баршамызға белгілі қандайда бір жыртқыш аңның қасында сүтқоректі елік, қарақұйрық т.б жануарлар болса. Бір сәтте тұрмай қашар еді. Қалайша зебрамен арыстан бір жерде жинала алмай,алды-артына қарамай қашқаны сияқты. Әлгі адамдар Құраннан осылайша қашуда .Бір ғалымдар әлгі адамның қашуын бірде аңшылардан қашқан зебра десе, енді біреулер арыстаннан қашқан дейді.Қайткен кездеде аяттағы негізгі мақсат Құраннан түбегейлі бет бұрған адамның күйі баяндалған. Не ғибраттары жайлы ой жүгіртпейді,не тыйымдарын елемейді,не бұйрықтарын орындамайды.

Аяттың өмірмен байланысы:

1) Құраннан бет бұрған адамның күйі ұсқынсыз болады

2) Құраннан бет бұрған адам сөгіске ұшыраса ,оған жақын жүрген адам немесе жақын жүрген адамға жақын жүру олардың қызметінде мақтауға лайықты

3) Құраннан, Алланы зікір ететін жерлерден, ілім мәжілістерінен алыстау адамды жаратушысынан алыстата береді. Тіпті ұзақ жалғасын табатын болса арыстаннан қашқан зебра сынды қашуы мүмкін.

4) Бұл аят Алла елшісінің заманында болған мүшріктер жайлы айтылса да, бүкіл Құраннан, діннің үкімдерінен бет бұрған адамдарды да қамтиды .Себебі Құран аяттарының мағыналары, ғибраттары тек қана түсу себебімен шектелмейді.

материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: