Суфиян әс-Сәури (р.а):
«Истиғфарсыз өткен түн – босқа кеткен түн. Истиғфарсыз өткен күн – босқа өткен күн», – деген.
Фудайл ибн Йяд (р.а): «Истиғфар – тек тілмен емес, шын өкінішпен, амалмен болу керек. Жәй ғана айту емес, жан-тәніңмен сұрау қажет.»
Абдулла ибн Мубарак (р.а): «Мен бір рет күнә істедім. Кейін соның салдарынан ұзақ уақыт бойы білімімнен айырылу арқылы көрдім. Истиғфармен ғана қайта қалпына келдім!»
Имам Ибн Жәузи (р.а): «Истиғфар – күнәнің өртін сөндіретін су секілді.»
Омар ибн Абдулазиз (р.а): «Кім күнәдан жүрегі ауырса, Алладан истиғфар етсін және тәубеге келсін. Ештеңе болмаса қайта истиғфар етіп, тәубе етсін. Бәлекеттің себебі – истиғфардан ажырау.
Имам Фудайл ибн Йяд (р.а) тағы бір сөзінде: «Мен истиғфардан артық ас су немесе дәрі таппадым»,–деген.
Имам Ахмад ибн Ханбал (р.а): «Тұтқындықта жүргенде үнемі истиғфар айта бердім. Жүрегім жеңілдетіліп, соңында босатылдым – бәрі Алланың арқасында.»
Имам Әузағи (р.а): «Кімде-кім үздіксіз истиғфар айтатын болса, Алла оған кез келген қиындықтан шығар жол ашып қояды.»
Имам Нәуәуи (р.а): «Истиғфар мен тәубе – жүректі тазартатын ең ұлы амал. Ол білімге, хикметке (даналық), тыныштыққа апарар жол.»
Имам Әбу Хамид әл-Ғазали (р.а): «Истиғфар тек тілмен айтылып қоймайды, шынайы өкінішпен бұдан былай күнә жасамауға бел байлау арқылы жүзеге асады. Бұл – нағыз тәубе.»
Имам Ахмад ибн Ханбал (р.а): «Жер мен көктің арасында истиғфардан артық еш амал жоқ. Өйткені истиғфар – кешірім есігін ашатын кілт.»
Суфиян әс-Сәури (р.а): «Күнә жасаудан да артық қауіп – күнәдан кейін истиғфар айтпау. Себебі бұл – тәкәппарлық.»
Имам Шафиғи (р.а): «Күнә жасаған кезде жүрек қатады. Истиғфар – жүректі жұмсартатын жалғыз ем.» Тағы бір сөзінде: «Жақсылыққа береке келмесе истиғфар аз, ал күнә көбейсе – тәубе аз.»
Имам Мәлик (р.а): «Тәубесіз білім – нұрсыз жарық секілді. Ал истиғфар оны жарықтандыратын тәубенің кілті.»
Имам Жүнейд әл-Бағдади (р.а): «Күнәдан кейін истиғфар айтатын әр жан – сүйікті құл. Күнәсіз құл жоқ, бірақ тәубесіздер – надан.»
Абд улқодир Гәйлани (р.а): «Истиғфар – рухтың тынысы. Оны тоқтатқан жан тұншығады. Түнгі истиғфар – мүмін жүректің көзі, күндізгі истиғфар – оның қорғаны.»
материал «Истиғфар - рақмет есігі» кітабынан алынды,
ummet.kz