01
Жұма,
Мамыр

һижри

Мешітке, басқа жерлерге оң аяқпен кірудің маңызы

Мешітке, басқа жерлерге оң аяқпен кірудің маңызы

Ислам тарихы

Мешітке әуелі оң аяқпен кір!

Мына дұғаны оқы: «Илаһи бізге мейірім есігін аш!» және ішіне кір. Егер ішінде адам бар болса, сәлем бер, адам жоқ болса, былай сәлем бер: «Әссәләму алейна уә алә ибадиллаһиссалихин» және үш рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар уәлә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм», бұдан кейін отыр, тәсбих және таһлил ет. [Тәсбих және таһлил оқу – тахийатул мәсжид намазын оқу болып саналады.]

Ибн Омар (р.а.) мешітке оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығатын.

Айша анамыз (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) барлық істі амалы барынша оң жағынан бастауды жақсы көретін»,- деді. (дәрет алғанда, шаш тарағанда, аяқ киім кигенде).

Мешітке оң аяқпен кіру керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай істейтін әрі мешіт құрметті орындардың бірі. Мүбарак хадисте: «Пайғамбар (с.ғ.с.) барлық істе оңды жақсы көретін, дәрет алғанында, киінгенінде, жүргенінде» делінген. (Бұхари хадистер жинағы)

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: