«Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық» ("Тин", 4).
«Ең көркем бейнеде жараттық» деген сұлу, келбетті қылып жараттық дегенді ғана білдірмейді. Аяттың мағынасында адамның дене бітімі, жаратылысы мен қызметі ең көркем бейнеде екені айтылып тұр.
Сұлулық – бұл да байлық секілді барлығына беріле бермейтін нәрсе. Алла даналығымен жаратылыстарының арасында бөліп берген. Алайда сұлулық пен әдеміліктің ұсқынсыз, кір жүректе болуында не пайда?!
Ешкімнің сырт болмысын, пішінін келеке етіп мысқылдама! Себебі сен өзіңді-өзің жаратқан жоқсың. Біреудің үстінен күліп, әзілдейтін ешкім емессің! Сенің мазақтауың себепті бір адам өз-өзін жек көріп кетпесін. «Сөз сүйектен өтеді» деп дана халқымыз тегіннен-тегін айтпаған.
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz