09
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Сені айналып өткен сынақ – сен үшін болмаған сынақ»

«Сені айналып өткен сынақ – сен үшін болмаған сынақ»

Ислам тарихы

«Басыңа не келсе де, сабыр ет! Міне, осы істердің әрқайсысы – табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы да зор істердің бірі һәм бірегейі» ("Лұқман", 17).

Біз бұл дүниеде Алланың жазған тағдырымен өмір сүреміз. Саған келген аурудан айналып өту мүмкін емес. Сенің жақыныңа келген өлімді қайтарып жіберу де мүмкін емес. Тіпті бастығыңның аяқ киімін күн сайын сүртсең де, жоғалтып алған жұмысың бәрібір де бұйырмайтын еді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Саған келген сынақ – саған келу керек болған сынақ. Сені айналып өткен сынақ – сен үшін болмаған сынақ».

Хасан Басри былай дейді: «Егер біздің сынағымыз біз жақсы көретін нәрселерде болмағанда, сауабымыз аз болатын еді. Жомарт Алла құлын ұнамсыз нәрселермен сынайды, себебі оған үйіп-төгіп сауап бергісі келеді.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: