Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты:
"Шын мәнінде үйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса..." ("Ғанкабут" сүресі 41-аят)
Өздеріне пұттарды құдай қылып олардан пайда зиян келеді деп сеніп, жәрдем келеді деп Алланы тастап шапағатын үміт еткендердің мысалы өте әлсіз, мардұмсыз , осал үйіне үміт еткен өрмекші сынды. Өрмекшінің үйі не суыққа, не ыстыққа, не желге және басқа да зияндарға төтеп бере алмайтын әлсіз үй.Тура сол сияқты Алладан өзгелерге құлшылық етіп жүргендердің де күйі осы. Үйлердің ішіндегі ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар осыны білгенде еді және өздеріне не пайда, не зиян келтіре алмайтынын білгенде еді одан аулақ болар еді.
Бұл аяттағы негізгі мақсат Алладан өзгеге табынатындардың надандығын айту. Себебі пұттарға табынып олардан пайда, зиян күтіп жүр. Ал, олардың бұл әрекеттерінің әлсіздігімен мардұмсыздығы өрмекшінің ұясы сынды. Егер олар ақыл иелері болғанда еді пұттардың ешқайсына табынбас еді.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz