Әрбір періштеге берілген міндеттемелер бар. Солардың ішіндегі төрт үлкен періштенің міндеттері төмендегідей:
1. Жәбрейіл – Алла Тағала мен пайғамбарлар арасында елшілік міндетін атқарады. Пайғамбарларға Алла Тағаладан уахи және кітаптар алып келеді.
2. Микайл – Жаңбыр, жел т.б. табиғи құбылыстарды қадағалау міндетін атқарады.
3. Исрафил – Қиямет күні бүкіл жаратылыстың өлімі мен қайта тірілуі үшін «Сүрді» үрлеу міндетін атқарады.
3. Әзрейіл – Бүкіл жаратылыстың ажалы келген уақытта жандарын алу міндетін атқарады. Бұдан басқа да Алла Тағалаға ғибадат жасайтын, мадақ ететін және де есімдерін біз білмеген көптеген періштелер бар.
Бұлардың кейбіреулерін атап өтсек:
КИРАМАН КАТИБИН: Адамдардың жасаған іс-амалдарын амал дәптеріне жазып отыратын періштелер. Оң иығымызда отырғаны сауап істерімізді, ал сол иығымыздағы болса жасаған күнәларымызды жазып отырады. Құран Кәрімде бұл жайында былай делінеді: «Екі періште оң және сол жақтарына отырып, істегендерінің барлығын жазады» ("Қаф" сүресі, 17-аят).
ХАМӘЛӘЙ–АРШ: Ұлы ғарыш әлемін көкте ұстау үшін міндеттелген періштелер.
МУНКӘР және НӘКИР: Қабірде адамдарды сұраққа тарту үшін міндеттелінген періштелер.
ХАЗАНАЙ ЖӘННАТ уә ЖӘҺӘННАМ: Жәннаттың қарауылы (қожайыны) Ридуан, ал жәһәннамның қарауылы Малик деп аталады.
материал «Аяттар және хадистер аясында иман негіздері» кітабынан алынды,
ummet.kz