18
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Адамның жасаған істері босқа кете ме?

Адамның жасаған істері босқа кете ме?

Ислам тарихы

Негізінде, Айман пікірталасты әдейі жасамайды. Оған көбіне өзгелер келіп соқтығады. Кейде аса сорақы жағдайлармен кезігетін.

Бірде құдайдан безген біреу Айманға былай деп килігеді:

– Сен имандылықты, құлшылықты үгіттейсің. Өзің де намаз оқып, ораза ұстайсың. Егер ақирет жоқ болса, жаннат пен тозақ ақиқат болмаса не істейсің? Жасаған бүкіл құлшылығың бос әурешілік болмай ма? Өз еркіндігіңді бостан-босқа қолдан шектегендей болмайсың ба? Бұл дегенің ақылсыздық емес пе?

Мұндай сорақы сұрақтың талайын естіген Айман еш саспады. Салмақты қалпын сақтай отырып әзірет Әлидің сөздерімен жауап берді:

– Мен Аллаға және ақиретке иман еткенім үшін һәм жаза мен сыйдың болатынына шүбәсіз иланғаным үшін құлшылық жасаймын. Маған құлшылық ауыр келмейді, керісінше, құлшылық арқылы өмірімді жүйелеуге мүмкіндік табамын. Жамандықтан, теріс қылықтан алыс жүремін, игілікті істерге ұмтыламын. Сол арқылы ерік-жігерім күшейе түседі. Ақыретке сенгендіктен, ажал десе бойымды билейтін қорқыныштан арылдым. Аллаға арқа сүйеп иланғандықтан, мінез-құлқым да жақсарып келеді...

Жарайды, сен айтқандай-ақ болсын делік. Ақирет жоқ, жаннат, жаһаннам да жоқ делік. Мұндай жағдайдың өзінде де мен ештеңеден ұтылмаймын. Дінмен өмір сүру арқылы өмірімді ретке келтіріп, бақытты ғұмыр кештім. Еш нәрсе жоғалтпадым. Ал егер мен айтқандай ақирет бар болып шықса, сенің жағдайың қалай болады? Өлім атты есіктен ақирет әлеміне аяқ басып, ақиқатқа көзің жеткенде сенің халің нешік? Мұны ойлаудың өзі қорқынышты емес пе?

 

материал «Тәрбие сағатынан естеліктер» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: