18
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Шариғат» не? Шариғатты қабыл етпесе не болады?

«Шариғат» не? Шариғатты қабыл етпесе не болады?

Ислам тарихы

Алла Тағаланың мұсылмандар үшін қойған діни үкімдері мен заңдарына «шариғат» дейміз.

«Шариғат» ұғымы Құран Кәрімде «Жасия» сүресінің 18-аятында қолданылған. Діни үкімдердің жинағы деген ұғымды білдіретін «шариғатты» қабыл етпеу, оған тіл тигізу немесе мазақ ету адамды тікелей күпірлікке алып барып, діннен шығарады.

Өйткені, иман еткен мүминдер Алланың әрі Пайғамбарының қойған үкімдеріне бағынулары керек. Аятта былай деп бұйырылады: «(Әй, Мұхаммед!) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдері жай тауып толық бой ұсынбайынша мүмин бола алмайды» ("Ниса" сүресі, 65-аят).

материал «Аяттар және хадистер аясында иман негіздері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: