15
Жексенбі,
Наурыз

һижри

Құранда айтылған теңдессіз дұғалар

Құранда айтылған теңдессіз дұғалар

Ислам тарихы

«Раббыларың: Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін» («Бақара» сүресі, 201-аят).

«Уа Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бере көр! Ақыретте де жақсылық бере көр және бізді тозақ отынан сақтай көр!» («Бақара» сүресі, 201-аят).

«Уа Раббымыз! Бізге сарқылмас сабыр бергейсің! Бізді (соғыс майданында) табанды да қайтпас қайсар қылғайсың! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем беріп, жеңіске жеткізгейсің!» («Бақара» сүресі, 250-аят).

«Уа, Раббымыз! Егер (Өзіңнің разылығыңа бөленеміз деп жүріп бір нәрсені) ұмытып кеткен немесе білмей қателік жасаған болсақ, сол үшін бізді жауапқа тарта көрме! Уа, Раббымыз! Бізден бұрынғы үмбеттерге (уақыттың, сол кездегі жағдайдың талаптарына һәм олардың кейбір қылықтарына сай тәрбиелік мақсатта ауыр міндеттер) жүктегеніңдей бізге ондай ауыр міндеттер жүктей көрме! Уа, Раббымыз! Бізге шамамыз жетпейтін міндеттерді арта көрме! Күнәларымызды кешкейсің, бізді кешіргейсің және бізге жанашырлық танытып, мейіріміңе бөлегейсің! Сен біздің Иемізсің, қамқоршымыз әрі орғанымызсың! Бізге мына кәпірлер қауымына қарсы (күресте) жәрдем беріп, жеңіске жеткізе көр!» («Бақара» сүресі, 286-аят).

«Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқыта көрме! (Уа, Раббымыз, Өзіңнің мейірімің болмаса, тура жолда қалуымыз мүмкім емес, олай болса) бізге Өз тарапыңнан мейірім төккейсің! Шүбәсіз, Сен Уәһһабсың (құлдарыңды мол сый-сияпатқа бөлеушісің)». («Аль-Имран», сүресі, 8-аят).

«Уа, Раббымыз! Түсірген (кітабыңа) иман келтірдік және елшіңнің соңынан ердік. Бізді (Өзің түсірген кітаптың, жіберген елшіңнің хақ екендігіне) куә болушылардың қатарына жазғайсың!» («Аль-Имран», сүресі, 53-аят).

«Уа, Раббымыз! Күнәларымызды әрі міндетімізді орындауда һәм басқа да істерімізде артық кеткен жеріміз болса, кешіре көр. Бізді жау алдында табанды қылғайсың һәм бізге кәпірлер қауымына қарсы жәрдем беріп, жеңіске жеткізгейсің!» («Аль-Имран» сүресі, 147-аят).

«Уа, Раббым! Маған Өз тарапыңнан пәк әрі қайырлы ұрпақ нәсіп ете көр! Шүбәсіз, Сен дұғалардың бәрін естушісің!» («Аль-Имран» сүресі, 38-аят).

«Уа Раббымыз! (Алдыңда тұрып) есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре көр!» («Ибрахим» сүресі, 41-аят).

«Уа Раббымыз! Бізді мына залымдардың зорлық-зомбылығына ұшыратып, ауыр сынаққа душар ете көрме. Һәм шексіз рақымыңмен бізді кәпір қауымның (қанды шеңгелінен) құтқара көр!» («Юнус» сүресі, 85-86 аяттар).

«Уа, Раббым! Өзім нақты білмейтін мәселені қозғап, Өзіңе өтініш айтудан мені сақтай көр! Егер мені кешіріп, мейіріміңе бөлемесең, мен де зиянға ұшырағандардың бірі боламын!» («Худ» сүресі, 47-аят).

«Уа, Раббым, (міндетімді орындау барысында адам мен жындардан болған) шайтандардың уәсуәсі мен азғыруынан сақтай көр деп бір Өзіңнен пана тілеймін. Сонымен қатар, уа, Раббым, олардың маған жанасуынан (маған ықпал етулерінен) сақтай көр деп, бір Өзіңнен пана тілеймін!» («Аль-Муминун» сүресі, 98-89 аяттар).

«Уа, Раббым! Маған қандай да бір жерге аяқ басқанымда, хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде кіруді, сондай-ақ ол жерден шығарда да хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде шығуды нәсіп еткейсің. Әрі Өз тарапыңнан маған мықты қолдау көрсетіп, айқын дәлел бергейсің!» («Исра» сүресі, 80-аят).

«Уа Раббым! Көкірегімді кең қылып, иман нұрына, ілімге толтыра көр! Ісімді жеңілдете көр! Тілімдегі түйінді шеше көр! Олар менің сөзімді жақсы түсінетін (ұғатын) болсын!» («Таха» сүресі, 25-28 аяттар).

«Уа Раббымыз! Бізге Өзіңнің рақымыңды төге көр! Ісімізді оңғарып, жетістікке жетуді нәсіп ете көр!» («Аль-Кахф» сүресі, 10-аят).

«Сенен басқа тәңір жоқ! Сен мінсізсің (жаратылысқа тән кемшілік атаулыдан, дәрменсіздіктен, мұқтаждықтан адасың)! Мен расында да, өз-өзіне қиянат жасаған залымдардың бірі болыппын!» («Аль-Анбия» сүресі, 87-аят).

«Уа, Раббым! Мені һәм ұрпағымның арасынан (қаныпезер еместерді) намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқитын құлдарың ете көр! Уа, Раббымыз! Дұға-тілегімді қабыл ете көр!» («Ибрахим» сүресі, 40-аят).

«Маған (қамқор ие ретінде) бір Алла жеткілікті. Одан басқа тәңір жоқ. Мен бір Өзіңе ғана арқа сүйеп, тәуекел еттім. Өйткені Ол – ұлы Арштың Раббысы (Аршқа және күллі жаратылысқа үкімін жүргізген шексіз билік иесі)» («Тәубе» сүресі, 129-аят).

«Уа, Раббымыз! Біз өз-өзімізге қиянат жасадық. Егер бізді кешпесең әрі есіркеп рақымыңа бөлемесең, зиянға ұшырағандардың қатарында боламыз.» («Аль-А’раф» сүресі, 23-аят).

«Уа, Раббымыз! Бізді (Күпірлікте табандап, күнәға белшесінен батып, ақыры өз-өздерінің обалына қалған) залым қауымға қоса көрме!» («Аль-А’раф» сүресі, 47-аят).

«Уа, Раббым! Мені мирасқорсыз қу бас етіп, жалғыз қалдыра көрме! (Өзіңнен басқаның бәрі пәни, бәрі өліп, өшкеннен кейін мәңгі-бақи қалатын бір Өзіңсің, сондықтан да) мұрагерлердің ең қайырлысы – Өзіңсің!» («Ибрахим» сүресі, 40-аят).

«Уа, Раббымыз, біз иман келтірдік! Бізді кешіре көр һәм мейіріміңе бөлей көр! Өйткені Сен мейірімділердің ең қайырлысы, ең мейірімдісісің!» («Аль-Муминун»’ сүресі, 129-аят).

«Уа, Раббымыз! Бізге сабырлылық бере көр! Жанымызды бір Өзіңе мойынсұнған мұсылман күйінде ала гөр!» («Аль-А’раф» сүресі, 126-аят).

«Раббым, ілімімді арттыра гөр!» («Таха» сүресі, 114-аят).

 

материал «Құрандағы дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: