Икрима (р.а.) риуаят етті:
«Меккеде бір қарияға (Әбу Хурайраға) ұйып намаз оқыдым. Ол жиырма екі мәрте тәкбір айтты. Сонда ибн Аббасқа: «Бұл кісінің ақыл-есі дұрыс па өзі?»,- дедім. Сонда ибн Аббас: «Иә, тұқымың жайылғыр, бұл Әбу-л-Қасым Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеттері ғой»,- деп айтты».
Әбу Бәкір ибн Абдуррахманға (р.а.) Әбу Хурайра (р.а.) мына хадисті айтып берген екен: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз оқыса, әуелі тік тұрып тәкбір тахрима айтатын, кейін рүкүғ қылып жатқанда және рүкүғтен тұрып жатқанда «Самиғаллаһу лиман хамдаһ»,- дейтін еді. Қиямда болса «Рәббана ләкал хамд»,- деп айтатын.
Абдулла (р.а.) болса былай деді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уәләкал хамд»,- дер еді. Кейін бірінші сәждеге бара жатып та, одан бас көтергенде де, сондай екінші сәждеге бара жатқанда да, одан бас көтергенде де тәкбір айтатын. Намаздың барлық рәкаттарында солай қылатын еді. Екінші рәкатқа тұрып жатқанда және отырып жатқанда да тәкбір айтатын»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz