Сахаба Әбу Шурайх (р.а.) айтты:
«Әбу Шурайх Амр ибн Саъидқа, ол Меккеге уәкіл жіберіп жатқанда, былай деді:
«Ей, әмір, сөйлеуге мұрсат бер! Меккені азат еткен күннің ертесінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан сөздерді саған айтып берейін. Ол бұл сөздерді айтып жатқанында екі көзіммен көріп, екі құлағыммен естіп, жүрегіммен қабылдағанмын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірінші Аллаға мақтау айтып, содан кейін: «Меккені Алла Тағала қасиетті етті. Бұл жерде адамдар күнә істемейді. Сол себептен Алла Тағалаға және ахирет күніне иман келтіргендердің бұл жерде қан төкпегі, ағаштарды сындырмағы күнә болып есептеледі.
Егерде бір кісі: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Алла Тағала соғыс қылуға рұқсат берген ғой?!»,- десе, оған: «Алла Тағала оны сендерге емес, өзінің Пайғамбарына ғана рұқсат берген»,- деп айтыңдар!»,- деді. Алла Тағала маған бұл жерде күндіз белгілі бір сағатқа ғана соғыс қылуға рұқсат берді, кейін Меккенің бұрынғы (кешегі) қасиет-құрметі бүгін қайтадан орнады. Бұны естігендер естімегендерге жеткізсін!
Әбу Шурайхтан (р.а.): «Сонда Әмір саған не айтты?»,- деп сұрасты. Әмір: «Ей, Әбу Шурайх, мен оны сенен жақсырақ білемін. Мекке күнаһарды құтқармас, әдейі қашқан қашқынды құтылдырмас, ұрлықшыны да жазадан тыс қалдырмас, деп айтты»,- деді.
- Әбу Бәкрата (р.а.) Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) есіне алып, Ол кісі (с.ғ.с.) былай деген еді: «Осы күн мен айдың құрметі үшін бір-біріңнің мал-мүліктерінді таламаңдар, қан мен абыройларыңды төкпеңдер. Бұл сөзді естігендер естімегендерге жеткізсін!».
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz